«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


«ӘЛЕУМЕТТАНУ» пәні бойынша тапсыратын БӨЖ тапсырмалары



бет5/15
Дата09.05.2022
өлшемі92,19 Kb.
#33373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
«ӘЛЕУМЕТТАНУ» пәні бойынша тапсыратын БӨЖ тапсырмалары

Дәріс сабағы

Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.

Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.

Бағыт-бағдарлық қызмет білім алушыларға дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.

Түсіндірушілік қызмет білім алушының ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.

Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.

Дамытушылық қызмет білім алушылардың ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.

Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет білім алушылардың оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.



Дәрістің артықшылығы:

  1. білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;

  2. білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;

  3. дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.

Сондықтан дәріс оқушының мақсаты – білім алушылардың белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. 

Дәрістің негізгі дидактикалық максаты – білім алушылардың оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер білім алушының ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.

Дәріске қойылатын талаптар:

  • дәріс окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;

  • ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)

  • дәлдігі мен дәлелділігі;

  • түсіндірудің эмоционалдық жағы;

  • тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;

  • қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;

  • басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;

  • тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;

  • қорытындылау;
    тілінің түсінікті және анық болуы;

  • басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;

  • мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;

Білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамытып отыру қажет.

Білім алушыларды қысқаша дәріс жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы.



Дәріс оқу барысындағы лектордың міндеті: - білім алушылардың танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау және білім алушылардың белсенділігін бағалау.

Конспект деген сөз латын тілінен шыққан және шолу, мазмұндау деген мағына берген. Дұрыс құрастырылған конспектіде қарастырылатын әдебиеттегі немесе нормативтік құқықтық актідегі ең негізгісі ерекше көрсетілген, ең маңызды мән-жайларға көңіл бөлінген, қысқа және айқын тұжырымдамаларда маңызды теоретикалық ахуалдар көрсетілген. Жақсы конспектіні келесі жағдайда құрастыру мүмкін болады, егер де тұнғыш қайнар көзі толық зерттелсе, ал оның негізгі мазмұны игерілсе ғана, егер де зерттелетін әдебиеттің немесе нормативтік құқықтық актінің құрастырылған жоспары мен мәтіннің дара бөліктерінің байланысы анықталған жағдайда ғана мүмкін. Конспектіленетін жұмыстың авторының басты ойлары сөзбе-сөз мазмұндалмай, өз сөздерімен мазмұндалу тиіс. Бұл мәтіннің мазмұнын жақсы игеруге себеп болады. Егер де белгілі-бір жайларды сөзбе-сөз келтірген жағдайда дәйектелген мәтіннің беттерін көрсету керек.

Конспектінің сыртқы хаттауы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: дәйектелетін жұмыстың авторының тегі мен инициалдарын, оның басып шығару деректерін (басып шығарған жерін, баспаны, жылын), конспектілетін беттін номерін көрсету керек, мәтінді ұғынықты, айқын, жұмыстың жоспары жазылу керек.

Көшірме – ол сөзбе-сөз айтсақ белгілі-бір мәтіннің дәлме-дәл жазуы. Жазудың осындай нысаның қолдану белгілі-бір тақырыпқа материалды тандауға мүмкіншілік береді. Көшірмелердің сыртқы хаттауына қойылатын талаптар конспектілерді хаттауға қойылған талаптар сияқты.

Тезистер дегеніміз мәтіннің қысқа тұжырымдалған басты ережелері. Тезистерде, ереже бойынша, деректі материалдар қарастырылмайды, ол материал мәтінде айтылатын жағдайаттарды түсіндіру, дәлелдеу немесе дәйектемелеу үшін беріледі.

Тезистер конспектілер сияқты тек қана мәтінді алын-ала зерттеу негізінде ғана дұрыс құрылуы мүмкін болатыны анық.

Он бес апта бойынша оқылған дәріс тақырыптарының барлығының конспектісі болу міндетті.



Дәріс сабағын бағалау критериі


Критерий

Дескрипторлар




Дәріс сабағындағы белсенділік – 5 балл


Білім алушының дәріске қатысуы

1

Дәрістің конспектісінің болуы

1

Дәріс мазмұны бойынша тезистерді құрастыру

1

Дәріс бойынша сұрақтарға жауап беру

2


Аналитикалық (салыстырмалы) кесте/ Кесте-сызба

Салыстыру кесте - бұл сіздің ақпараттарыңызды жүйелеудің тамаша тәсілі, өйткені олар диаграмманың құрамына кіретін әртүрлі элементтер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды көзбен көруге мүмкіндік береді. Бұл көптеген ақпараттарды қарапайым және тура жолмен жинауға мүмкіндік беретін өте пайдалы тәсіл. Салыстырмалы әдіс арқылы зерттелудегі нысанның жалпы және ерекше белгілері мен қасиеттері анықталады. Бұл әдіс білім алушының монологиялық мәлімдемесін қалыптастыруға ықпал ететін репродукция болып табылады.

Салыстырмалы кестелер, салыстырмалы диаграммалар деп те аталады, бұл екі немесе одан да көп объектілер немесе идеялар салыстырылатын графиктер. Графикалық ұйымдастырушының бұл түрінде салыстырылатын екі элементтің арасындағы ұқсастықтар да, айырмашылықтар да көрсетіледі. Кесте негізгі ойларды, принциптер мен әдістерді анықтауға көмектеседі.

Салыстырмалы кестелерде сапалы да, сандық та ақпарат ұсынылған. Бұл дегеніміз, объектінің пайда болуына және пішініне, сондай-ақ шамаларға қатысты мәліметтерді кестеде ұсынуға болады.

Салыстыру кестесі ақпаратты оқуды жеңілдетуі керек, сондықтан элементтер нақты және жинақталған болуы керек.

Мұндай типтегі кестеде көп ақпарат бар абзацтар болмайды, идея элементтер арасында салыстыру жүргізуге болатын маңызды нүктелер ғана орналастырылады дегенді білдіреді. Бұл ақпарат негіздерге немесе маңыздыларға жинақталуы керек.

Кестенің мақсаттарының бірі - салыстырылатын әртүрлі заттар арасындағы айырмашылықты бағалау.

Кестеге орналастырғыңыз келетін санаттар оны жасайтын автордың қалауы бойынша жүзеге асырылады. Барлық санаттарда бірдей мөлшердегі заттар немесе ақпарат болмайды. Салыстыру кестелері салыстыруға болатын заттардың немесе объектілердің сипаттамаларын қысқаша сипаттауға мүмкіндік береді. Кесте құру үшін алдымен салыстыру үшін кестеге орналастырғыңыз келетін элементтерді таңдауыңыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет