қарапайым тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі
40
Күрделі екі дұрыс жауабы бар тесттің әрбір сұрағына дұрыс жауап беруі
60
Семинар сабағы Практикалық (семинар) сабақтарда орындалатын оқытушының таратқан сабақ соңына дейін жауап беруге арналған бақылау сұрақтары мен қоса қағидалық кестелер мен бағдарламалары және т.б. жатады.
Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас орнату сияқты міндеттерді шешеді.
Кез-келген семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
білім алушының семинарға даярлық кезінде оқу проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке жұмыстар; педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары:
дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;
семинар сабағының жоспарының болуы;
білім алушының белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді ұсынуы;
семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;
уақытты орынды пайдалану;
білім алушының жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.
Семинар сабағын бағалау критерийі
Критерий
Дескрипторлар
Балл
семинар сабағына белсенділігі –
100 балл
тақырыптарды меңгеруде білімін, біліктілігін толық көрсетуі