Байланысты: Философиядан БӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау
Дәріс сабағы Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Бағыт-бағдарлық қызмет білім алушыларға дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
Түсіндірушілік қызмет білім алушының ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Дамытушылық қызмет білім алушылардың ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет білім алушылардың оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
Дәрістің артықшылығы: білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс оқушының мақсаты – білім алушылардың белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру.
Дәрістің негізгі дидактикалық максаты – білім алушылардың оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер білім алушының ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Дәріске қойылатын талаптар:
дәріс окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;
басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;
Білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамытып отыру қажет.
Білім алушыларды қысқаша дәріс жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы.
Дәріс оқу барысындағы лектордың міндеті: - білім алушылардың танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау және білім алушылардың белсенділігін бағалау.