Өзіндік жұмыстардың мазмұны
Бұл бөлімде БӨЖ-дің түрі мен формаларына және оны орындауға қажетті әдістемелік ұсыныстарға тоқталамыз. Олардың кейбіреулеріне мысалдар келтіріледі. Бірақ біз келтірілген мысалдар өзгертуге болмайтын догма емес екендігін атап өтуіміз қажет, әрбір оқытушы сабақ тапсырмаларына қатысты еркін ұйымдастыра алады, және де оған ерікті, және де пәнаралық байланыстарға орай жан-жақты өзгертіп отыра алады.
Өзіндік жұмыс:
Білімді тереңдету мен кеңейтуге бағыт-бағдар береді;
Танымдық іс-әрекетке қызығушылықты қалыптастырады;
Танымдық үрдістің тәсілдерін игеруге үйретеді;
Танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік туғызады.
Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады.
БӨЖ ұйымдастыру түрлері мен әдістері білім алушының ойлау қабілетін тұрақты, мақсатты бағытта және жоспарлы дамытуға ықпал етуі және бір уақытта оларда оқу ынтасын қалыптастыруы қажет.
БӨЖ әр оқу пәні бойынша БӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқу жоспары бойынша анықталады.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны бойынша анықталған.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қойылатын жалпы талаптар
Білім алушының өзіндік жұмысы – бұл құрылымына төмендегідей компоненттерді қамтитын ерекше түрде ұйымдастырылған іс-әрекет:
Мақсат пен белгіленген оқу тапсырмаларын анықтау;
Өзіндік жұмысты нақты және жүйелі түрде жоспарлау;
Қажетті оқулық және ғылыми ақпараттарды іздестіру;
Өзіндік ақпаратты игеру және оны қисынды түрде өңдеу;
Әр түрлі көздерден алынған ақпаратты жүйелеу, бағалау;
Берілген тапсырмаға қатысты өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
Алынған нәтижені ұсыну, негіздеу және қорғау;
Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалауды өткізу.
Білім алушы:
Тапсырманы өз уақытында дайындау және дайындық барысында оқулықтар мен дәрістегі қағидалар мен тұжырымдамаларды пайдалануы;
Білімді игеруге жауапкершілікпен қарауы;
Гуманитарлық білімнің методологиялық ерекшеліктерін ескере отырып өзінің интеллектуалдық еңбегін ұйымдастыра алуы;
Ауызекі және жазбаша баяндау дағдыларын, өзінің ойлау үрдісіндегі нәтижелерді сауатты безендіруді игеру;
Өзінің кәсіби қызметін өндірістік және жеке тұлғалық қарым-қатынастарда жалпы мәдени тұрғыда құра білу.
Достарыңызбен бөлісу: |