«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Критерий Дескрипторлар



бет6/11
Дата07.04.2022
өлшемі75,11 Kb.
#30242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Критерий

Дескрипторлар

Балл

Аналитикалық (салыстырмалы) кесте /

Кесте-сызба – 15 балл



рәсімдеудің барлық қағидаттарының сақталуы (оқылуы; атауының болуы; нөмірленуі)

2

тақырып бойынша маңызды, толық, түсінікті мәліметтердің болуы

2

түрлі ой-пікірлер, көзқарастар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анық көрсете білуі

2

ақпараттарды қарапайым және тура жолмен кестеде көрсетуі

2

шығармашылық көзқарас бар

2

материал логикалық тұрғыдан дұрыс берілген

2

материалды баяндау реті дұрыс анықталған

2

жазу сауаттылығы

1


Ғылыми-ізденістік жұмыс (ғылыми мақала, ғылыми баяндама)

Ғылыми-ізденістік жұмыс ғылыми жаңалықтарды ашу мақсатымен зерттеудің принциптік жаңа бағыттарын табу үшін жүргізіледі. Олар белгілі бір теория мен идеяларға сүйенеді, ізденістердің барысында әрбір теорияларға, тұжырымдарға сын көзбен қайта қаралып, елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Нәтижелері оңтайлы болған жағдайда ізденістік жұмыстардың қорытындылары тәжірибелерде шығармашылықта пайдаланылады. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы практикалық қызметте ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын, жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.



Білім алушылардың ғылыми-ізденістік жұмыстарының негізгі міндеттері:

* білім алушылардың танымның ғылыми әдісін меңгеруі;

* оқу материалын тереңдетіп, шығармашылықпен игеруі;

* ғылыми мәселелерді өз бетінше шешудің әдістемесі мен құралдарына үйрету;

* ғылыми ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ҒЗЖ ұйымдастыру әдістерімен және тәсілдерімен танысу.

Білім алушылардың ғылыми-ізденістік жұмыстары оқу үдерісінің жалғасы және оны тереңдету болып табылады. Білім алушылардың ғылыми-ізденістік жұмыстары оқу процесіне кіретін және оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы болып бөлінеді.

Білім алушылардың оқу бағдарламаларының талаптарына жауап беретін ғылыми-ізденістік және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сабақтан тыс уақытта орындаған өзіндік жұмыстар ретінде есептелінеді.

Ғылыми мақала. Бұл белгілі бір тақырып бойынша жүргізілген құжат. Мақалалардың мақсаты ғылыми журналдарда немесе кітаптарда жариялау, нақтылықты қамтамасыз ету немесе ғылыми ортаға осы тақырыптар бойынша білімдерін кеңейтетін жаңа жаңалықтар енгізу болып табылады.

Ғылыми мақала басқа ізденушілер жариялаған зерттеулерге негізделуі мүмкін, бірақ ол түпнұсқа болып, автордың өз зерттеулеріне негізделген жаңа ақпаратты қамтуы керек. Оның мақсаты - академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын тақырып бойынша жаңа ақпарат тарату.

Ғылыми мақалалар сенімді мәліметтер мен зерттеулерден жасалған, яғни олар қателіксіз, сәйкесінше алынған. Сондықтан мақалаларды дайындау үшін әртүрлі дереккөздер мен тергеулер пайдаланылатындығын ескере отырып, олардың бәріне дұрыс сілтеме жасау керек және оны дайындау үшін таңдалған стандарттың стилін басшылыққа алу қажет.

Ғылыми баяндама - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар) жасалатын баяндама. Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми ізденіс жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама.

Ғылыми баяндаманы әзірлеу технологиясы: баяндама тақырыбының өзектілігін талқылау; мақсатын құру; қажетті әдебиеттермен танысу; мазмұнын құру; баяндаманы оқуға жаттығу; даярлық жүргізу.

«Философия» пәнін оқып үйрену барысында ғылыми-ізденістік жұмыстарды (ғылыми мақала, ғылыми баяндама) төмендегі тақырыптар бойынша орындайды:

8-тақырып. «Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі».

14-тақырып. «Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі».

15-тақырып. «...(кәсіби қызмет салалары) өзекті философиялық мәселелері».
Ғылыми-ізденістік жұмыстарды бағалау критерийлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет