«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Эссе, оның мазмұндық – құрылымдық ерекшеліктері
Эссе (франц. essai – жасап көру, ұмтылып көру, очерк) – бұл оқытушының берген тақырыбы бойынша Өзіңіздің пікіріңізді кең көлемде дәйекті түрде жеткізуді қарастыратын өзіндік шығармашылық жазбаша жұмыс түрі. Бұл пікір тақырып бойынша оқып-үйрену мақсатында жүргізген біршама теориялық немесе теориялық-эмпирикалық зерттеу нәтижелерін қамтиды. Мұндай зерттеу жұмысының материалы болып ұсынылған библиографиялық дереккөздері, нақты және жасанды эмпирикалық мәліметтер және өмірден алынған нақты мысалдар жатады. Эссенің тақырыбы әдетте, дәйекті негізде жауап беруді талап ететін сұрақ түрінде, немесе ақпараттық бағалау мен талқылауды қажет ететін мәселе түрінде болып келеді. Эссе оқыту мен білімді бағалаудың маңызды құралы болып саналады. Эссе пәнді оқып – үйрену барысында білім алушы мен оқытушы арасында кері байланыс құралының рөлін де атқарады. Білім алушылар эссені тақырып төңірегінде қайсыбір материалдарды (дәрісті, дереккөздерді, практикалық тапсырмаларды) өздері игеріп білмеген күрделі терминдер мен тұжырымдамаларды пайдаланбастан, өзара немесе оқытушымен түйінді мәселелер бойынша пікір алмасу үшін қолдануына да болады.
Эссенің құрылымы. Эссенің тиісті құрылымдық элементтері болып төмендегілер саналады:
- эссенің негізгі бөлігінде қарастырылатын, қарастырылып отырған мәселеге қатысты көзқарасыңызды айқындайтын негізгі пікірлеріңіздің жалпылама жауаптарын қамтитын кіріспе;
- жоғарыда аталғандай негізгі бөлім, бұл бөлімде Сіз өзіңіздің жасаған тұжырымдар мен қорытқан ой-пікірлеріңізді ұсынылған материалдар бойынша немесе өздігіңізше кездестірген теориялық дәйектер мен эмпирикалық мәліметтер арқылы кең көлемде негіздейсіз немесе жауап бересіз;
- қорытынды, негізгі бөлімдегі келтірілген ой-пікірлер түйінделіп қорытындыланады, берілген сұрақ пен белгіленген тапсырмалар бойынша ұсыныс пікірлер беріледі.
Эссенің тақырыбы пәнді оқыту саласының заманауи мәселелерін қозғаушы, өзекті тақырып болуы тиіс. Білім алушы мәселенің мәнін ашып, өзге көзқарастарды көрсетіп қана қоймай, оған өз көзқарасын да білдіруі керек. Жұмыстың бұл түрі білім алушыдан өз ойын жазбаша түрде, сондай-ақ логикалық пайымдаулар арқылы өз көзқарасын анық білдіруді талап етеді. Білім алушының міндеттері:
-тапсырманы мұқият оқып, тақырыптың өзектілігін ғана емес, мазмұны бойынша ерекше және қызықты жақтарын көрсету;
-тақырып бойынша ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;
-негізгі және қосымша әдебиеттерді бөлу;
-эссенің жоспарын құру;
-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, бірақ толық ашу;
-эссені белгіленген уақытта тапсыру.
Интеллектуалдық ықпалдар мен дереккөздерге сілтеме жасау
Эссе шағын ғана ғылыми жұмыс болғандықтан, ғылыми ортада қабылданған барлық техникалық және этикалық талаптарға сай болуы керек, яғни авторларға сілтеме жасау, олардан цитаталар келтіру талаптарға сай ұсынылуы қажет. Қолжазбалардан келтірілген немесе тікелей көшіріліп алынған цитаталар немесе үзінділер атрибутталынуы тиіс, яғни дереккөздік- мәтіндерге айқын түрде сілтеме жасалынуы немесе дереккөздерді пайдалануға библиографиялық сипаттама жасау стандарттарына сай әдебиеттер тізімінде көрсетілуі тиіс. Ғаламтор желісінен алынған мәліметтер де әдебиеттер тізімінде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, Сізге теориялық, әдістемелік және практикалық тұрғыда кеңес берген немесе өзінің жұмыстарының материалдарын көрсеткен адамдарға да «интеллектуалдық» тұрғыда қарыз болып қалмауыңыз қажет.
Эссені тексеру
Эссені жазу барысында оның ең алғашқы нұсқасын қарап шығудың маңызы зор. Кейінгі қолжазбалық мәтіндерді қайта жазуда қажетті дәйектік материалдарды қосымша және иллюстративтік материалдармен қатаң жүйеде үйлестірілуіне жете мән беру қажет. Эссенің алғашқы нұсқасын жазғаннан кейін, оған 1-2 күннен кейін ғана қайта қарап, жаңаша көзқараста қарастыру қажет.
Эссені қайта қарастырған кезде келтірілген дәйектердің қаншалықты әсерлі немесе күшті екендігіне аса мән беру қажет. Онан кейін, Сіздің жазған эссеңіз сіздің ой-пікіріңізбен қаншалықты үйлеседі немесе сәйкес келетіндігін құрылымдық және талдамалық тұрғыдан ойластырып қараңыз. Сіздің келтірген дәйектеріңіз нақты ма? Сәйкес келеді ма? Жеткілікті дәрежеде ма? деген сұрақтарға сай қарастырыңыз, қажет болса толықтырулар енгізіңіз. Сонан кейін стилистикасын (орфографиялық, тыныс белгілік және т.б. қателіктерін) сондай-ақ мазмұн үйлесімділігін тексеріп шығу керек.
«Философия» пәнін оқып үйрену барысында эссе тапсырманы төмендегі тақырыптар бойынша орындайды:
1-тақырып. «Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі.
3-тақырып. «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу».
6-тақырып. «Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы.
7-тақырып. Абай философиясындағы адам мәселесі.
8-тақырып. Стоицизм және гедонизм: олар туралы қазіргі заманғы түсініктер.
9-тақырып. «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары».
10-тақырып. «Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі».
11-тақырып. «Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі»
12-тақырып. «Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы».
13-тақырып. «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім».
Эссені бағалау критерийлері
Достарыңызбен бөлісу: |