Қазақстан тарихы жол карта


ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата14.02.2023
өлшемі9,16 Mb.
#67646
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Жүсіп Баласағұни
1021–1075 жылдар
- ғұлама «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп еңбектің тарихи 
маңыздылығын атап көрсетеді»
- «Құтадғу білік- әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстықкөл, 
Жетісу, Қашғар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай 
ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс 
екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. 
Бірақ автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту еді. Өзінің әдептілік принциптері 
жағынан ол ортаазиялық әдет өлшемдерін негізге алады. Дастанның мазмұны түсінікті, құрылысы қарапайым»
- ХІІІ ғасырда Марверуди: «Түркілерде жазу болды: олар сиқыршылық құпиясын және аспан денелерін білді. Бала-
ларын сауаттылыққа үйретті».
Ахмет Иүгінеки
- Қарахан мемлекетінің кезінде «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атанған ақын
- Түрік тілінде жазған кітабы: «Ақиқат сыйы»
- Қарахан халқын адал өмір сүруге шақыру мақсатында жазылған түрік тіліндегі дастан.
Қожа Ахмет Йасауи 
1103-1167 жылдары
- Орта ғасырлық ақын, исламның сопылық бағытының негізін салушы.
- Исламдағы «түркі» танымы жолының негізін қалаушы
- Сайрам қаласында дүниеге келген.
- Әкесі Ибраһим – атақты ғұлама. Шешесі – Мұса шайқының қызы Айша (Қарашаш). Әпкесі Гауһар-Шаһназ-
дың тәрбиесінде өскен.
- Ұстазы – Арыстан баб
- Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама Жүсіп Хамадани.
- «Ғылымдардың жүктемесі туралы сөз» трактаттың авторы
- Түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған еңбегі: «Диуан-и хикмет» немесе «Даналық кітабы»
- ХІХ ғасырға дейін медреселерде оқытылған.
- «Сауаты жоқты құдай қаламайды».
- «Арыстан бабтың сөздері қасиетті – оны тыңдаңдар, бұл сөздерде екіжүзділік, өтірік, пайдакүнемдік сыналады 
және онда адамгершілік тұрғыда жетілу бар» деп ой айтқан
Сүлеймен Бақырғани
1103-1186 жылдар
- Қарахан мемлекетінің кезінде «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атанған ақын
- Түрік тілінде жазған кітабы: «Ақиқат сыйы»
- Қарахан халқын адал өмір сүруге шақыру мақсатында жазылған түрік тіліндегі дастан.
Әли ақын 
ХІІІ ғасыр
- ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің таралуына байланысты жарық көрген «Жүсіп-Зылиха»
поэмасының авторы
- Поэма діни бағытта жазылып, махаббаттың адалдығын жырлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет