ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
кезеңдЕЛУІ
1. Ерте
орта ғасырлардағы ҚазаҚСТАН
VI-IX ғғ.
2. Дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан
ІХ-ХІІІ ғғ.бірінші
жартысы
3. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
ХІІІ ғ. ортасынан – XVIII ғ.
басына дейін
2. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
2.1 Түрік қағанаты
(552–603 жылдар)
Территориясы:
- Шығыста – Алтай тауы;
- Батыста –
Каспий теңізі;
- Оңтүстік-шығыста – Қытай;
- Оңтүстік-батыста – Парсы елі.
Құрамы:
- 30-дан аса ру тайпалар енген.
(Қырғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. түрік тілдес тайпалар болды.)
- Ашина – Түрік қағандары шыққан әулет.
- Елді билеу ушін басты шарт ашина әулетінен шығу тиіс.
- Қағанның билігі бірінші орында тұрды.
- Қағанның бауырлары «тегіндер» мемлекетті басқарды.
542 жылы алғаш Қытай деректерінде кездесуі:
- Қытай деректері бойынша түріктер алғашында Қытайдың батысы мен Алтай тауларында өмір сүрді.
- Түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен аумағы Хуанхэ өзеніне дейін жетті.
- «Түрік» сөзі - әскери шонжарлар; мықты, күшті (ашина әулетіне байланысты).
- Теле - Қытай деректеріндегі түркі тілдес тайпалардың атауы.
- «Сүй кітабында»: «Телелердің
ата-бабасы суннулардың тұқымы, үрім бұтағы өте көп. Балқаш көлінің шығысындағы тау аңғарларын
мекендеп, өсіп-өніп келеді. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі тайпа –
барлығы жеті тайпа, бәрінің өз атауы және өз әскери күші бар.
Олардың атаулары бөлек болғанымен, бәрінің ортақ атауы – Теле. Олар Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына қарайды».
69