2.15 МОҢҒОЛДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН ЖАУЛАП АЛУЫ - Шын есімі – Темүжін.
- Әкесі - Есугей баһадүр, анасы - Оюлун. Есугейді татарлар (меркіттер) қастандықпен өлтірді.
- Туған жері: Моңғолияның Кеңдітау аймағындағы Онон өзені бойындағы Болдоң аймағы.
- Шыққан тегі: Қият Боржігін руы.
- Бәйбішесі: Бөрте.
- Ұлдары: Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле.
- 1184 (1186) жылы ру-тайпа көсемі болып алғаш таққа отырды.
Шыңғыс хан
1155‒1227 жылдары
- 1206 жылы көктемде Онон өзені жағасында Темүжінді бүкіл монғол ұлысының әмірші ханы етіп жариялайды.
- 1206-1227 жылдары Шыңғыс хан ел биледі.
- Астанасы: Қарақорым.
- Әлемдік жаулауға ұмтылған екінші қолбасшы.
- Шыңғыс хан өз халқына «Мен өз бетінше жүрген ұсақ билеушілерді, мұқтаждықта және езгіде жүрген адамдарды
бағындырдым, мен оларды жинап біртұтас еттім» деп мәлімдеді.
- Керей хандығы мен моңғол тайпаларының арасында жақсы қарым-қатынас орнағандығы айтылады.
- Керей ханы Торының келешек Моңғол ханы Шыңғысты тәрбиелеуге көп еңбек сіңіргенінен айқын көрінеді.
- «1206 жылы Онон мен Керулен өзені бойында Темүжінді жақтайтын көшпелі шонжарлар құрылтайында тоғыз
құйрық қыл байланған қасиетті ақ туды желбіретіп, Темүжінді хан сайлайды. Бұл жағдайды Керей ханы Торыға ба-
рып айтқанда, ол «Моңғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деген бата береді.Сол «Жеңісхан» деген сөз
моңғолша «Шыңғыс хан» болып аталып кетеді.
«Моңғолдың құпия
шежіресінде»
Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
Басқару жүйесі
- ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азиядағы әскери-феодалдық мемлекет
- Шыңғысхан жеке өзі басқарды. Қасында сауатты уәзірлері болды.
Арнайы әскері
- Төлеңгіт – Шыңғыс әулеті мен ауылдарын күзететін күзетшілері
- Кешіктен – Шыңғысханның жеке әскері.
- Нояндар – аймақтар мен түмендерді, мыңдықтарды басқарды.
Әкімшілік бөліктер
- Моңғолия халқы мен аумағы 3-ке бөлінді:
1. - Барунғар – он қанат
2. - Жоңғар – сол қанат
3. - Кул – орталық қанат
Әскери жүйесі
- Империяны 95 әкімшілікке бөлді. Әр түменде 10 мың адам. Түмендер аймаққа бөлінді.
- 950 мыңдық армия жасақтауға қабілетті болды
- Басқару жүйесі ондықтан басталады. Ондық – Жүздік – Мыңдық – Түмен болып бөлінді
118