Қазақстан тарихы кафедрасы. Ғылыми тарих мамандығы. Орындаған: Тілеуберген Санжар. Қабылдаған: Беделова Гульжан


) Бірінші апиын соғысы және оның нәтижесі



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі34,26 Kb.
#132545
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ 4 Қытай тарихы

2.2) Бірінші апиын соғысы және оның нәтижесі.
1839 жылы тамыз айының басында қытайдың апиынға тыйым салғаны туралы хабар Ұлыбританияға жетті. Бұл тыйымды өздерінің мүддесіне қайшы деп білген британдық саудагерлер Қытайға соғыс ашуды ұйғарды. Сол жылы 30 қыркүйекте сауда өкілдері Британияның Сыртқы істер министрі Бамаға: «Қытайдың апиынға тыйым салуы - Ұлыбританияға қарсы агрессивті әрекеті», - деп хат жолдады. Әрі елдің экономикалық мүддесін қорғау үшін Қытайға соғыс ашу керек екенін ескертті. Осыдан соң 1839 жылдың 1 қазанында Ұлыбритания үкіметі Қытайға әскер жіберу мәселесін талқылау үшін, министрлер кабинетінің отырысын өткізді. Осы отырыстан соң Қытай теңізіне әскери флот жіберуге шешім қабылданды. Оның себебін министрлер кабинеті «саудаға тосқауыл қойылды және Ұлыбритания халқының өміріне қауіп төндірді» деп түсіндірді. 1840 жылы 16 қаңтарда Ұлыбритания патшайымы Виктория парламент жиналысында: «Қытайдағы оқиғалар екі ел арасындағы қарым-қатынастың шиеленсуіне әкеліп соқты. Біз бұған баса мән беріп отырмыз. Біз әлемнің қай бұрышында да азаматтарымызды қорғауды патша әулетінің қасиетті борышы деп білеміз», - деп Қытайға соғыс ашуды жақтайтынын білдірді. 1841 жылдың 1 наурызында Ұлыбритания армиясы Қытайдың Гуанчжоу қаласына шабуыл жасап, қала портын басып алды. Көп етпей Ұлыбритания армиясы теңіз жағалауындағы өзге қалаларға да әскер кіргізді. Міне осылайша, Қытай-Ұлыбритания арасындағы «апиын соғысының» оты тұтанды. 1840-1842 жылдар аралығындағы қытай-ағылшын соғысына Ұлыбританиядан 20 мыңнан астам әскер, 200-ге жуық соғыс кемесі қатысқан. Ал Цин империясының 220 мыңнан артық әскери күші теңіз жағалауындағы маңызды қалаларды қорғады. Екі жыл ішіндегі бес ірі соғыста Цин әскерлерінен 3 мыңнан астам адам қаза тапса, ағылшындардан тек 69 адам ғана оққа ұшқан. Жаңа үлгіде жасақталған, озық қарумен жарақтанған Ұлыбритания армиясына Цин армиясы төтеп бере алмай, ойсырай жеңілді. Ағылшындардың жойқын күшіне қарсы келе алмасын білген Цин үкіметі ақыры Ұлыбританиямен келісім жасауға мәжбүр болды.
«Нанкин келісімнің» жасалуы
1842 жылдың тамызында Цин армиясы зор жеңіліске ұшырады. Ұлыбритания әскері Нанкин қаласын басып алды. Осыдан кейін Ұлыбритания үкіметі Қытайды жаңа келісім жасауға қыстады. Тығырыққа тірелген Цин үкіметі шартсыз келісімге келуге мәжбүр болды. Сөйтіп 1842 жылы 29 тамызда Цин үкіметі Ұлыбритания ұсынған «Нанкин келісімін» ресми түрде мақұлдады. Келісімге сай, Гуанчжоу, Фучжоу, Сямэнь, Нинбо, Шанхай сияқты порттарда ағылшындардың тұруына, сауда жасауына еркіндік берілді. Гонконг аралдары Ұлыбританияның иелігіне өтті. Түрлі әскери шығындар үшін Цин үкіметі 21 миллион күміс сәрі төлеуге міндеттелді. Ұлыбритания сауда кемелерінің Қытайдың теңіз жағалауы мен ішкі су жолдарында емін-еркін жүруіне рұқсат етілді. Түрлі кедендік салықтарды Қытайдың Ұлыбритания билеушілерімен келісе отырып мақұлдауы шарт етілді. «Нанкин келісімі» мақұлданғаннан кейін ғана Ұлыбритания армиясы өзі жаулаған өңірлерден шегініп шықты. Осылайша бірінші апиын соғысы ағылшындардың зор жеңісімен аяқталды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет