Қазақстан тарихы кафедрасы


Қазақстан  территориясындағы



Pdf көрінісі
бет17/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98
Қазақстан 
территориясындағы 
қола 
дәуірі. 
Біздің 
заманымыздан бҧрынғы II мыңжылдықта мал жҽне егіншілік 
шаруашылығымен қоса металл ҿңдеу кҽсібі дами бастады. Ол Қазақстан 
ҿңіріндегі ҽлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ҿзгеруіне ҽсерін 
тигізді. Мал ҿсіруші тайпалар ірі бірлестіктер қҧрды. Бірлестіктер 
арасында ҽр тҥрлі себептермен келіспеушіліктер туып, қарулы 
қақтығыстар орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау ҥшін ғана 
емес, тайпалар арасындағы қақтығыстарда пайдаланылатын болды. Қару 
жасау металл ҿңдеу қажеттілігін туғызды. 
Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола 
заттарын жасауды меңгерген. Қола мыс пен қалайының қорытпасы. 
Қола дҽуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал 
шаруашылығы мен металлургияның дамуы ҿндіргіш кҥштерінің ҿсуіне, 
қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер рҿлінің артуына 


36 
алып келді. Жеке отбасылар бҿлініп оқшауланды, отбасылық меншік 
пайда болып, рулық қауым ішінде мҥлік теңсіздігі кҿрініс бере бастады. 
Қола дҽуірінде Сібірдің, Қазақстанның жҽне Орта Азияның кең- 
байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар 
мекендеп, олар бір ҥлгідегі, бір-біріне ҧқсас мҽдениет ескерткіштерін 
қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Оңтҥстік 
Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андронов селосының атымен 
ғылымда шартты тҥрде "Андронов мҽдениеті" деп аталды. Бҧл 
ескерткішті алғаш рет 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашты. 
Зерттеушілер андронов мҽдениетінің ҿмір сҥрген уақытын ҥш 
кезеңге бҿліп, оларға шартты тҥрде мынадай аттар береді: Федоров 
кезеңі (ерте қола) — б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғасырлар, Алакҿл кезеңі (орта 
қола) — б.з.б. ХV-ХІІ ғасырлар, Замараев кезеңі (соңғы қола) - б.з.б. XII 
- VIII ғасырлар. Қазақстан аумағындағы андронов мҽдениетін зерттеуде 
жҽне оны дҽуірге бҿлу мҽселелері жҿнінде Ҽ.Марғҧлан, А.Оразбаев 
жҽне т.б. еңбектерін атап ҿткен жҿн. 
Андронов мҽдениетінің Қазақстан аумағындағы негізгі орталығы – 
Орталық Қазақстан болғандығын осы аймақтан табылған археологиялық 
материалдар айғақтайды. Бҧл аймақтан осы мҽдениеттің отыздан астам 
қоныстары мен жҥз елуден астам қабірлері табылып зерттелді. Орталық 
Қазақстандағы андронов мҽдениеті ҥш кезеңнен тҧрады. Алғашқы - 
Нҧра кезеңі, ортаңғы – Атасу кезеңі, соңғысы – Беғазы-Дҽндібай кезеңі. 
Нҧра кезеңінің тайпаларында мҽйітті ҿртеп жерлеу ғҧрпы басымырақ 
кездеседі, сонымен бірге, ҿлікті молаға салып жерлеу ғҧрпы да болған. 
Атасу дҽуірінде ҿлгендер бҥктетіліп бір қырыннан жерленді, кен 
ҿндірісі едҽуір дамыды. Беғазы-Дҽндібай дҽуірінде андрондық 
мҽдениеттер негізінен сақталғанымен, жаңа элементтердің пайда болуы 
кҿбірек кездеседі. Олар негізінен тҧрпаты ерекше бейіт тамдар, 
бҥктетіліп жерлеумен қатар, аяқтарын созып шалқасынан жерлеуі, 
домалақ ыдыстардың пайда болуы жҽне жер бетіндегі қабырғалы 
баспана ҥйлер жҽне т.б
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет