Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет20/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98
Сақ тайпалары.
Б.з.б. VІІІ-ІV ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия 
жерінде ҿмір сҥрген сақ тайпалары туралы археологиялық 
материалдармен қатар жазба деректер де кҿптеп кездеседі. Бҧл тайпалар 
ежелгі иран жҽне грек жазбаларында, Авеста діни кітабында сақтар
азиялық скифтер немесе «жҥйрік атты турлар» жҽне т.б. деп аталды.
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары ҥш топқа 
бҿлінеді. Олар: 1. Сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын 
сақтар). 2. сақ-тиграхаудаларға (шошақ бҿрікті сақтар). 3. сақ-
парадарайандарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Бірінші топтағы 
сақтар Ферғана ҿңірін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы 
жҽне Жетісу жерін жайлап, ал ҥшіншілері – еуропалық скифтер немесе 
Арал теңізі жҽне Сырдарияның арғы бетіне орналасқан. Сонымен қатар 
бҧл одақ массагеттер, каспийлер, исседондар, аримаспылар, дайлар, 
сарматтардан тҧрған. 
Сақ мемлекетінің саяси қҧрылысы ҽскери демократияға 
негізделді. Бҥкіл елді тайпа мҥшелері сайлаған тайпа кҿсемі-патша 
басқарды. Сақ қоғамының ҽлеуметтік қҧрылымында адамдардың ҥш 
тобы ерекшеленді. Олар жауынгерлер, абыздар, қауым мҥшелері 
(малшылар мен егіншілер). Сақтар сол кездердегі ҽлемдік оқиғаларға да 
белсене араласқан. Парсы мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы 
Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасқан. 


39 
Сақтар Ахеменидтердің ҿзге де патшаларымен соғысқан. Б.з.б. 519-518 
жж. сақтарға қарсы I Дарий жорық жасап, сақтарды бағындырып, 
оларды алым-салық тҿлеуге, ҿз жауынгерлерін парсы соғыстарына 
қатысу ҥшін жіберуге кҿндіреді. Парсы ҽскерінің қҧрамына кірген 
сақтар Мысыр мен Грециядағы, Фермофоль маңындағы айқаста кҿзге 
тҥсіп, Палатея жанындағы шайқаста батырлықтың небір ҥлгісін 
кҿрсетеді.. Александр Македонскийдің басқыншылық ҽрекетіне де сақ 
тайпалары асқан ерлікпен тойтарыс береді.
Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мҽліметтердің бір бҿлігі 
археологиялық зерттеу жҧмыстары болып табылады. Бҧлардың ең 
кҿбірек зерттелгендері Жетісудағы Бесшатыр обалары мен Есік обасы, 
Шығыс Қазақстандағы «Патша обалары» деп аталатын Шілікті аңғары 
мен Бҧқтырма ҿзенінің жағасы, Орталық Қазақстандағы Тасмола 
мҽдениетіне кіретін «мҧртты обалар», Батыс Қазақстандағы Сынтас 
жҽне Бесоба қорымдары, Сырдарияның тҿменгі бойындағы Шығыс Арал 
маңындағы Ҧйғарақ жҽне Оңтҥстік Тҥгіскен жерлеу орындары. 
Бҧлардың ішіндегі ҽлем жҧртшылығына белгілі болғаны «Есік» 
обасынан табылған «Алтын адам». Сақ заманының осындай қҧнды 
ескерткіштері соңғы жылдары кҿптеп табылуда. Атап айтар болсақ, 1999 
жылы Атырау облысының, Жылой ауданындағы Аралтҿбедегі қазба 
жҧмыстары (бҧл жерде ҥш мҽйітхана зерттелді), 2007 жылдың шілде 
айында Ҽ.Марғҧлан атындағы археология институты ҧйымдастырған 
қазақ-француз-итальян біріккен халықаралық экспедициясының, Шығыс 
Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымынан тапқан 
қҧнды дҥниелері жҽне Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінен тапқан 
«Шілікті алтын адамы». Археологиялық бҧл деректер Қазақстанның 
шығысынан батысына дейінгі орасан зор кеңістікті сақтардың 
мекендегенін жҽне олардың мҽдениеті мен ҿнерінің ҿркениет кҿшінен 
кейін қалмағанын тағы да нақтылай тҥседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет