Қазақстан тарихы кафедрасы


Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет64/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98
Байланысты:
file185

Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Елде қҧқықтық 
реформаны жҥзеге асыру, елдің саяси жҥйесін жетілдіру мен жаңа 
заңдар қабылдаудың конституциялық негізі 1993 жылғы 28 қаңтарда 
ҿтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау 
болды. 
1995 ж. 30 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясының 2-
сессиясында сҿйлеген Елбасы Н.Ҽ.Назарбаев Қазақстанның жаңа 
Конституциясын қабылдау туралы мҽселені қойды. Оны 1993 ж. 
Конституцияның уақыт талабына жауап бермейтіндігімен негіздеді. 
1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы 
қабылданды. Ата Заң бойынша республикамызда демократиялық 
Президенттік басқаруға жол ашылды. Қазақстан Республикасының 
Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі-сыртқы 
саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, еліміздегі жҽне 
халықаралық қатынастардағы Қазақстан мемлекеті атынан ҿкілдік ететін 
ең жоғары лауазымды тҧлға. Ел Президенті – халық пен мемлекеттік 
билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам жҽне азамат 
қҧқықтары мен бостандықтарының нышаны ҽрі кепілі болып табылады. 
Республика Президенті, сонымен бірге, мемлекеттік биліктің барлық 
тармағының келісіп жҧмыс істеуін жҽне ҿкімет органдарының халық 
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы 
Конституциясы принциптерінің басымдықтары тҿмендегідей: 
1)
халық – биліктің кҿзі; 
2)
тарихи тамырдың болуы; 
3)
демократиялық консенсустық даму; 
4)
позитивтік халықаралық имиджге ҧмтылу; 
5)
тарихи жауапкершілік; 
6)
халықтық егенмендік. 
2007 жылы мамыр айында Парламент Конституцияға тарихи 
маңызы бар бес бағытта тҥзетулер енгізу туралы шешім қабылдады. 
Біріншіден, ҿкілеттіктердің бір бҿлігін Президенттен Парламентке 
қарай қайта бҿлу жҽне Парламентке сайлау жҥйесіне қатысты 
ҿзгерістер енгізу. Екіншіден, саяси партиялардың Парламенттегі ролі 
артып, Мҽжілісте де, Сенатта да депутаттар саны ҿсіп, 154-ке жететін 
болды. Парламенттің, ҽсіресе, Мҽжілістің ҿкілеттіктері едҽуір 
кеңейтілді. Ҥшіншіден, жергілікті органдардың ҿзін-ҿзі басқарудың 
рҿлін арттыруға қатысты, яғни мҽслихаттардың ҿкілеттілігін кеңейтуге 
байланысты жағдай. Тҿртіншіден, қҧқық қорғау жҥйесін одан ҽрі 
дамытуға байланысты. Сот жҥйесінің тҽуелсіздігі қамтамасыз етілді. 
Бесіншіден, адамның қҧқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін 
дамытуға қатысты. Тҧтастай алғанда, енгізілген ҿзгерістер біздің 
мемлекетіміз бен қоғамымызды бҧрынғыдан да кҿп ретте 
демократияландыруға мҥмкіндік берді. 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет