40
болды. Осы уақытта Жетісу аймағына келген Қытай саяхатшысы Чжан
Цзянь ҥйсіндер туралы алғашқы мҽліметтерді береді.
Ҥйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың
батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы ҿтіп, Қаңлылармен шектесті.
Шығысында хҧндармен ортақ шекара болды, ал оңтҥстігінде олардың
иелігі Ферғанамен ҧштасып жатты.
Ҥйсіндердің астанасы Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық
кҿлдің жағасына орналасты. Ҥйсіндердің этникалық тегі ҽлі де ақырына
дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы оларды шығыс Иран
тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері — тҥріктердің арғы
аталары, олар тҥрікше сҿйлеген деп есептейді.
Соңғы уақытта ҥйсіндердің кҿптеген ескерткіштері зерттелді.
Ҥйсіндер дҽуіріне жататын археологиялық ескерткіштер – Қызыл
Қайнар, Ҿтеген, Қызылкене, Алтынемел, Талғар, Ақтас, Қалқан жҽне
т.б. қоныстар мен бейіттер. Археологиялық материалдар ҥйсін
тайпаларының жоғарғы мҽдениеті мен ҿнерінің болғандығын
дҽлелдейді. Табылған бҧйымдар мен қару-жарақтар жоғарғы кҿркемдік
деңгейде жасалған. Сондай ескерткіштің бірі Қарғалыдан табылған
басқа киетін тҽж тҽрізді ҽшекейлі бас киім. Бас киімдегі бір-біріне қарап
тҧрған қос қанатты тҧлпарлар, олардың соңындағы аңдар мен адамдар,
ҧшып бара жатқан аққулар, ҿсіп тҧрған ағаш пен оның сҽнді
жапырақтары ҥйсіндердің табиғат пен дҥниеге деген кҿзқарастарын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: