39
Сақтар Ахеменидтердің ҿзге де патшаларымен соғысқан. Б.з.б. 519-518
жж. сақтарға қарсы I Дарий жорық жасап, сақтарды бағындырып,
оларды алым-салық тҿлеуге, ҿз жауынгерлерін парсы соғыстарына
қатысу ҥшін жіберуге кҿндіреді. Парсы ҽскерінің қҧрамына кірген
сақтар Мысыр мен Грециядағы, Фермофоль маңындағы айқаста кҿзге
тҥсіп, Палатея жанындағы шайқаста батырлықтың небір ҥлгісін
кҿрсетеді.. Александр Македонскийдің басқыншылық ҽрекетіне де сақ
тайпалары асқан ерлікпен тойтарыс береді.
Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мҽліметтердің бір бҿлігі
археологиялық зерттеу жҧмыстары болып табылады. Бҧлардың ең
кҿбірек зерттелгендері Жетісудағы Бесшатыр обалары мен Есік обасы,
Шығыс Қазақстандағы «Патша обалары» деп аталатын Шілікті аңғары
мен Бҧқтырма ҿзенінің жағасы, Орталық Қазақстандағы Тасмола
мҽдениетіне кіретін «мҧртты обалар», Батыс Қазақстандағы Сынтас
жҽне Бесоба қорымдары, Сырдарияның тҿменгі бойындағы Шығыс Арал
маңындағы Ҧйғарақ жҽне Оңтҥстік Тҥгіскен жерлеу орындары.
Бҧлардың ішіндегі ҽлем жҧртшылығына белгілі болғаны «Есік»
обасынан табылған «Алтын адам». Сақ заманының осындай қҧнды
ескерткіштері соңғы жылдары кҿптеп табылуда. Атап айтар болсақ, 1999
жылы Атырау облысының, Жылой ауданындағы Аралтҿбедегі қазба
жҧмыстары (бҧл жерде ҥш мҽйітхана зерттелді), 2007 жылдың шілде
айында Ҽ.Марғҧлан атындағы археология институты ҧйымдастырған
қазақ-француз-итальян біріккен халықаралық экспедициясының, Шығыс
Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымынан тапқан
қҧнды дҥниелері жҽне Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінен тапқан
«Шілікті алтын адамы». Археологиялық бҧл деректер Қазақстанның
шығысынан батысына дейінгі орасан зор кеңістікті сақтардың
мекендегенін жҽне олардың мҽдениеті мен ҿнерінің ҿркениет кҿшінен
кейін қалмағанын тағы да нақтылай тҥседі.
Достарыңызбен бөлісу: