Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет28/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
Байланысты:
file185

 
Қара қытай мемлекеті
(1128-1213).
Қарақытайлар мемлекетінің 
негізін қалаушылар Орта Азиядағы моңғол тілдес қидан тайпалары. 
Олар Қытайдың солтҥстігінде, Маньчжурия мен Уссури ҿлкесі 
аймағында ҿмір сҥрді. 924 ж. Алтайдан Тынық мҧхитқа дейінгі ҿлке 


47 
қидан мемлекетінің (Ляо империясының) қол астына қарайды. 
Қидандардың билеушісі Солтҥстік Қытайда тҧрды. 
1125 жылы Ляо империясы Сунь Қытайы мен Чжурчжень 
мемлекеттерінің біріккен кҥшінен жеңіліп, Елу Дашы басқарған 
қидандардың бір бҿлігі батысқа - Жетісуға қарай қоныс аударады. 
Қоныс аударып келген қидандар алғашқыда жергілікті тҥркі тілдес 
халықпен бейбіт қарым-қатынас жасап, қарақытайлар деп аталып кетті. 
Шамалы уақыттан кейін Елу Дашы Баласағҧн билеушісін қҧлатып, 
Жетісуда ҿз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін олар Шу мен Талас 
бойындағы қаңлыларды, Шығыс Тҥркістанды, Бҧхарды, Орталық 
Мауреннахрды бағындырып, Хорезм шахын ҿздеріне алым-салық тҿлеп 
тҧруға мҽжбҥр етеді. 
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гурхан (хандардың ханы) деп 
аталды. Астанасы Баласағҧн қаласы. Қарақытайлар жергілікті 
тҧрғындарға жылдан-жылға алым-салықты кҿбейтіп, ислам дініне 
тыйым салды. Осыған байланысты Жетісуда қарақытайларға қарсы 
мҧсылман қозғалысы кеңінен етек алады. Қолайлы жағдайда 
пайдаланған наймандардың ханы Кҥшлік қарақытайлардан Жетісудағы 
билікті тартып алады. 
Наймандар
. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII 
ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман 
тайпалар одағы (тҥрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Хангайдан 
Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман 
одағы мемлекет дҽрежесіне дейін кҿтеріледі. Найман одағы хандар 
басқарған бірнеше ҧлыстардан тҧрды. XII гасырдың аяғы- XIII ғасырдың 
басында наймандар моңғолдардан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бҿлігі 
Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Кҥшлік ханның басқаруымен 
Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін 
қҧлатып, билікті ҿз қолдарына алады. 
Керей мемлекеті
. X ғасырдың басында Алтайда мекендеген 
керейлердің этникалық одағы тҥркі тілдес жҽне монғол тілдес 
тайпалардан қҧралған. Керей мемлекетінің солтҥстік астанасы Орхон 
ҿзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтҥстіктегі астанасы Хуанхэ 
ҿзенінің солтҥстік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен 
наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII 
ғасырдың екінші жартысында Керейттер ҧлысы солтҥстікте - Селенга 
ҿзенінің жоғарғы ағысынан оңтҥстікте - Хуанхэ ҿзеніне дейінгі, батыста 
- Хангай тауынан шығыста - Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. 
Керейлер мен наймандар ҽлеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде 
тҧрған. Мемлекет ҧлыстардан тҧрды. Ал ҧлыстар болса, хандар ҽулеті 
бастаған бҥкіл этносты біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының 
бҽрінен де жоғары тҧрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет