зерттеушілер
қазақ
қылмыстық
қүқығының
і з г і л і к т і
,
адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. Өлім жазасы тек белгілі
бір жағдайда ғана қолданылды. Қүнның молшері қылмыскер мен
жәбірленушінің әлеуметтік жағдайларына байланысты болды.
Мысалы, қарапайым ер адамды олтіргені үшін кісі олтіруші оның
туысқандарына 1000 қой беріп қүнын төлейтін болды, ал әйелдер
үшін 500 қой қүн төленді, сүлтанды немесе қожаны олтіргені
үшін қүн қарапайым жай адамдарға қарағанда жеті есе артык
болды. Сүлтанға немесе қожаға тіл тигізгені үшін 9 қой, оларға
қол жүмсағаны үшін 27 қой төленетін болды. Ал күлдың қүны
аңға салатын бүркіттің немесе аң аулайтын иттің күнымен бірдей
болды.
Сонымен катар баска да жазалау түрлері қолданылды, атап
айтқанда, христиан дінін қабылдағаны үшін мүлкін тәркілеу,
жүкті әйелдің күйеуін өлтіргені үшін қуып жіберу; ата-аналарына
тіл тигізіп қорлағаны үшін жүртшылықтың талқысына салу
тәрізді жазалар болды.
Әйелдер, балалар, қызметшілер, қүлдар сотта куә бола алмады.
Отбасылық-неке қатынастарында балаларды бағып-қағуға ата-
аналарының қүқығы сақталды. Мүрагерлік қүқық тағайындалды.
Сотта кінәні мойындату үшін екіден жеті адамға дейін куәлар
болуы талап етілді. Олар болмаған жағдайда ант қабылданды.
Сот және әкімшілік биліктің бір бірінен ара жігі ажыратылмады.
«Жеті Жарғы» заңы тек Қазақ хандығы аумағында ғана
қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: