5.5. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті қазақ халқының
тек арғы тектерінен келе жатқан әдет-ғүрыппен ғана шектеліп
қоймай, өз бойына өзге де елдердің мәдени қүндылықтарын
жинақтаған өзіндік ерекшелігі бар мол мүра. Қазақстан жерінде
түркі және иран тілдес мәдениеттердің өзара ықпалы орын алды.
Қазақ еліне ислам дінінің енуіне байланысты халқымыздың
мәдениеті
ислам
өркениеттің
қүнды
жағын
қабылдады.
Қазақстанның орасан зор аумағында мәдениет біркелкі дамыған
жоқ. Осы кезеңде мәдениетінің кейбір ерекшеліктері көшпелі
және отырықшы халықтардың түрмыс-салтына байланысты
болды. Отырықшы халықтар жаздың ыстық кезінде түрақты
мекендерін қалдырып, салқын түсе оған қайта оралды.
Малшылар өздерінің түрағын жылдың әр маусымына қарай
өзгертіп отырды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақстан халқының көшпелі мал
шаруашылығымен айналысатын басым бөлігі көшіп-қонуға
1 0 7
ыңғайлы баспаналарда түрды. Мүндай үйлер озінің сыртқы түрі,
колемі мен қүрылымы жағынан бір-бірінен озгеше. Жылдың
жылы маусымында оздерімен бірге алып жүретін жылжымалы
түрақтарда, ал салқын кездері жылы түрғын үйлерде, яғни жер
үйлерде, шошалада түрды. Қазақтардың жазғы баспаналары киіз
үй және жылжымалы күйме болатын.
Қыста жылы, жазда салқын болатын қазақтың киіз үйлері
көшіп қонуға қолайлы. Белгілі адамдардың киіз үйлері ақ киізден
жасалып, іші-сырты түрлі-түске безендіріліп, қымбат бүйымдар-
мен, жиһаздармен өрнектелді. Мүндай киіз үйлердің диаметрі 18
метрге жетті. Киіз үйлер салтанатты, қонак қабылдайтын, жорық
үй деп үш топқа болінді, жорық үйінде азық-түлік пен күнделікті
түрмысқа қажетті заттар сақталды. Қазақтың жорық киіз үйлерін
кезінде орыс армиясы «джуламейка» деп атады. Бүл қазақтың
«жалым үй» деген сөзінен шыққан. Киіз үйлер үлттық өрнек-
айшықтарымен безендірілді, ауқатты адамдардың үйлері өзінің
салтанаттылығымен, әсем қымбат бүйымдарымен ерекше көзге
түсетін. Киіз үйдің ішінде ашық түсі мен мың қүбылған ою-
өрнегімен көмкерілген кілемдер мен алашалар тоселді.
Қазақтарда кең тараған жылжымалы үйлердің бірі
күймелер
Ибн-Рузбиханның
сипаттауынша
«қазақтардың
үйі»
арба
тәріздес дөңгелегі бар қондырғыға орналасқан. Оны түрақтан
түраққа түйе мен аттарға жегіп апарады, ондайда тізілген кош
керуені үздіксіз алға жылжитын болса, жүз моңғол фарсангтеріне
дейін жетеді, ал олардың арасындағы қашықтық бір кадамнан
аспайды. Мүндай үй-күймелерінің Түркістан қаласында коптігі
сондай, тіпті қаланың бір болігін алып жатты.
Қазақтар жер үй мен тамдар түрғызды. Жер үй, жер жене,
жертөле 1,5-ден 2 метрге дейінгі тереңдікке қазылып, бір-бірінен
60-70 см. терең болуы арқылы ерекшеленді. Жер үстінде
салынған үйлер Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Олар
екі және үш болмелі болып келеді. Қолданылатын қүрылыс
материалдары әдетте жергілікті жерде кездесетін кірпіш. тас.
шым, қамыс және т.б. Түрғын үй қасында жас толдерді үстауга
және күнделікті түрмысқа пайдаланатын
күш коліктеріне
арналған шаруашылық қүрылыстары салынды. Қыстақтардағы
түрғын үйлер мен сарайлардың қабырғалары және тобесі бірге
жабылды.
Қазақтар әдетте көйлек сырты нан бешпет, камзол жоне ор
түрлі шапандар киді. Қыста қой немесе түйенің жүнінен
108
тоқылған, сырты қалың матамен көмкерілген жылы күпілер, қой
терісінен тігілген тондар, дақалар (қүлын терісінен тігілген ер
адамдар киетін шапан), кең шекпендер киді. Сондай-ақ қазақтар
әр түрлі маталардан тігілген кең шалбар киді: оның жазда киетіні
матадан, қыста киетіні қой, ешкі жүнінен немесе киіктің жарғак.
терісінен дайындалды. Қыста мойнын жауып түратын түмақтар
киді. Оны қозы немесе түлкі терісінен тіккен. Ер адамдар киетін
етіктің өкшесі биік, қонышы үзын (мүндай етіктерді әдетте
жылқының немесе сиырдың терісінен тігеді), ал атпен жүруге
ыңғайлы, аңға шыққанда қолайлы жеңіл етіктер ешкінің
терісінен тігілген. Кедейлер теріден жасалған шәркейлер киді.
Әйелдің киімдері мақта-матадан немесе жібек матадан, кейде
барқыттан тігілетін болған. Келіншектерге қарағанда бойжеткен
қыздар басына үкі таққан бас киімдер, ал әйелдер копшілігінде
теріден тігілген
кебіс
киді.
Ауқатты
қазақ әйелдерінің
өрнектелген етіктері, жүкаг көк теріден тігілген оюлары бар
күмістелген жеңіл аяқ киімдері болған.
Қазақтардың негізгі қорегі сүт пен сүттен жасалған тағамдар,
пісірілген ет пен қуырдак, тәрізді тағамдар. Сүтті пісірген әрі
айран да үйытқан. Сүттен май, қүрт, ірімшік жасаған. Биенің
сүтінен қымыз, сиырдың сүтінен айран, қатық, түйе сүтінен
шүбат дайындады. Азық-түлікті үзақ уақыт сақтау үшін етті
сүрлеу мен қақтау әдісі қолданылды. Үннан бауырсақ пен
тандыр нан, тарыдан коже жасады. Қуырылған бидайдан
әзірленген
талқан олардың негізгі тамағы болды. Қолонер
кәсіпшілігі халықтың түрмыс тіршілігімен тығыз байланысты. Ол
түрғындарға өнім мен шикізат беретін мал шаруашылығының
экстенсивті дамуымен сипатталады. Түйенің жүні мен ешкінің
түбітінен қазақ әйелдері әдемі мауыт мата тоқыды. Қазақтың ою-
өрнектері үй жиһаздарында жиі кездеседі. Мүліктер, ыдыс-
аяқтар, қару-жарақ пен киімдер, киіз үйдің ішкі жабдығы, бәрі-
бәрі ою-өрнекпен өрнектеледі. Әсіресе әйелдер өнері киіз^үйдің
жабдығында ерекше байқалады. Киіз үйдің ою-өрнек салынған
баулары әсемдігімен көздің жауын алады. Бүл баулар
сәулет
қүрылысын безендірудің бір үлгісі. Қазақтың кереметтей қолонер
шығармаларының бірі әртүрлі жүннен иірілген жіптермен ши
тоқу немесе оны ақшыл көк түсті жіппен безендіру. Керегелерді
айналдыра шимен көмкеру киіз үйдің ішіне әсем көрік береді әрі
ши түрғын-жайды іштен бөлуге де қолданылады.
109
Киіз үйді ою салынған түрлі-түсті киіздер мен сырмақтар,
алашалар, әсем тігіліп қүрылған шымылдықтар, сандықтың ою-
өрнектері оның сәнін келтірді. Қазақтың қолөнеріне кестелеу,
ою, өрнектеу және т.б. тән. Жастықтар, орамалдардың жиегі,
коржындар, әйелдердің бас киімі кестеленді. Қолөнерде өрнек
салу техникасы кеңінен қолданылды. Ол әсіресе торсықтарға,
қүмандарға,
ер-түрманға,
әйелдер
мен
ер
адамдардың
белбеулеріне салынды. Алашалар мен кілемдер, сырмақтар неше
түрлі өрнектермен өрнектелінді.
Қазақ үсталары негізінен еңбек қүралдарын, оның ішінде егін
шаруашылығы мен түрмыстық мақсаттарға арналған кетпен,
соқа, темір күрек, балта, ошақ, қүлыптар, үлкен және үсақ
шегелер, қойды қырқатын қайшылар, біз, ағаш шеберлерінің
қүралдарын т.б. жасады. Үсталар мен зергерлер ер-түрманды,
жүгенді және қару-жарақты түсті металмен өрнектеді. Қанжар,
пышақ, айбалта мен жебелер жасады.
Қазақтардың өмірінде үлттық мейрамдардың рөлі ерекше. Бүл
шараларға үйлену тойларын, бесік тойын, ас беруді, хан
сайлауды, жеңісті тойлауды жатқызуға болады. Әдетте ондай
мерекелерге қонақтар алыстан жиналатын. Кейбір салтанаттар
діни сипат алды. Мейрамдарда ат бәйгесі, күрес, аударыспақ
сайысы немесе көкпар үйымдастырылды. Әскери ойындар,
аттардың күшін сынау және жаппай аңға шығу дәстүрі болған.
Әскери-спорттық ойынның күрделі түрінің бірі алтын жамбыны
ату. Оны атып алған мерген қымбат сыйлық алған. Тіпті кейде ол
осы жеңісінің арқасында сыйлыққа сүйген қызын таңдаған.
Ойындардың басым бөлігіне спорттық сипат төн. Оған атақты
палуандар, шабандоздар қатысты. Бәйге, палуан жігіттердің
күресі үйлену тойында жөне бесік тойында ғана емес, ауқатты
адамдарға
ас
берілгенде
де
үйымдастырылған.
Халық
мейрамында ән салып, күй тартып ақындар айтысқа шыққан. Хан
сайланған
күні,
үйлену
тойында,
жауды
жеңген
жеңіс
салтанатының рәсімі ерекше сипат алған. Хан сайланатын күні
үлкен тайпалардың бектері мен билері ханды ақ киізге
отырғызып көтерген күйі үш рет айналып шығатын болған. Бүл
орайда оған үзақ өмір мен қайырымдылық тілеген. Ханның
туыстары бүл қуанышта оған күміс және алтын теңгелерден
шашу шашқан. Қазақтардың көңілді мейрамдарының бірі жыл
басы Наурыз (22 наурыз) болғаны белгілі.
110
Қазақтардың үйлену салттарында қалың мал, әмеңгерлік
тәрізді әдет-ғүрыптардың кейбір түрлері сақталды. Қазақ
халқының дәстүрі бойынша жас жігітке қалыңдық таңдау ата-
анасының үлесіне тиген. Бүл дәстүр бойынша қалыңдық өзге
рудан болуы тиіс, ал ру ішінде жеті атаға дейін некеге түруға
тыйым салынды. Қүда түсіп, қалың малдың бір бөлігін бергеннен
кейін күйеу жігіт қалыңдығына «үрын» (тығылып) барады. Ол
бірінші сапарында қалыңдықтың ағасының немесе туысқанының
үйіне түседі. Екінші барғанда қалыңдығына жолығуға жол
ашылады. Содан кейін қалыңдықтың әкесінің үйінде жастарды
некеге отырғызған той өтеді. Күйеу жігіт (күйеуі) қайтыс болса,
оның қалындығы (әйелі) әмеңгерлік салтымен қайнысына немесе
оның жақын туыстарының біріне күйеуге шығады.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ислам діні қазақтардың отбасылық
түрмысына дендеп ене қойған жоқ. Ол кезде қалыңдықтың
некесін молда «қию» салты болмады. Жүбайылық байланыс той
үстінде айтылатын
«жар-жармен»
бекітілді,
сол
арқылы
қалыңдыққа
жақсы
тілектер
айтылды.
Үйлену
тойына
жүмсалатын шығындар кедейлер үшін қымбатқа түсті. Күйеу
жігіт қалыңмал бергенімен қоймай, қыздың шешесіне «сүт
ақтау»,
әкесіне
«той
мал»,
бауырлары
мен
жақын
туысқандарына, ауылдастарына қымбат сыйлықтар апаруы тиіс.
Қалыңдықтың ата-анасы қүда түскендегі келісімі бойынша
«қарғыбау», яғни келісімнің сенімділігіне кепілдік ретінде
қүдаларына сыйлық береді.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақтар ислам дінін үстады. Оның
негізгі тарату орталықтары Түркістан, Хорезм, Бүқара, Астрахань
қалалары болды. Дегенмен бүқара халық арасында ислам әлі
тамырын кең жая қоймады, қалың ел исламға дейінгі сенген
Тәңірге табынды. Қазақтар Су-ананы және Жер-ананы қасиетті
санады. Бүл орайда әулие түтатын таулары, жартастары (Теректі
әулие), үңгірлер, тоғайлар, жалғыз ағаштар' бүлақтар бар. Осы
«әулиелі» жерлерде қүрбандыққа мал шалып, олардың қүрметіне
мейрам үйымдастырып, оған тәңірге табыну сыйыну үшін барды.
Қазақтар өмірінде көне дәуірден қалған қасиетті от «алас», яғни
От-анаға табыну үлкен рөл атқарады. Бүл түрғын жайды, от
басын қорғаушы деп есептелді. Келін алғаш түскен кезде
табалдырықтан аттаған соң үйдегі отқа иіліп, май қүяды.
ХҮ-ХҮІІ
ғасырлар
кезеңі
қазақ
халқы
мәдениетінің
тарихында ерекше орын алады. Тап осы кезде халықтың ауыз
111
одебиеті, жазба әдебиеті, шынайы музыка өнері қалыптасты.
Қазақтардың рухани
мәдениетінің дамуы
жалпы
халықтын.
оркениетінің оркендеу дәуірі болып табылады. Қазақтың суырып
салма поэзиясы ауыздан ауызға тарап, үрпақтан-үрпаққа жетті. Кдзак
поэзиясында суырып салмалылықпен қатар жазба одебиеті дамыды.
Қазақтар ақын деп кез келген тақырыпқа суырыпсалма өлең
шығаратындарды айтты. Ақындар қолдарына қобыз немесе
домбыраны үстап, ел аралап өздерінің әндерін халық ішіне таратты
жоне үлкен мерекелерде бір-бірімен айтысқа гүсті. Олар халық
арасында үлкен бедел мен қүрметке ие болды. Ақындар жырының
тақырыптары әр түрлілігімен ерекшеленді. Былайша айтқанда, ақын
дегеніміз халықтың поэтикалық мүрасын айтушы, сақтаушы,
лирикалық эпосты жырлаушылар. Сал-серілер тек суырып салма
ақын ғана емес, сонымен бірге сазгер, әнші, әннің сөзін өзі жазатын
ғажап дауысты адамдар болған. Серілердің әндері нәзік иірімдерімен,
озіндік түрлерімен ерекшеленеді. Ал салдардыңәндерінде еркелік пен
әзіл қатар жүреді. Қазақтың белгілі сал-серілері өз ғүмырында ел
аралап халықтық салтанаттарға қатысқан.
Халықтың ауыз әдебиетінің кең тараған жанрларының бірі толғау,
ол жыр түрінде жазылған ақыл-кеңес беретін олеңдер жиынтығы.
Толғауда мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, үлгі беретін түстары оте
коп. Жырау омір мен өлім, өткен мен болашақ туралы ой толғай
отырып, озінің моральдық-этикалық козқарастарын жеткізеді.
Жыраулар көбінесе өлендерін атақты феодалдар мен хандарға,
сүлтандарға арнаған.
Әдетте
жырау-жауынгердің
шығармасы
романтизмге, батырлыққа, азаматтық әсерге толы болды. Жырау
қазақтың батырлық жырларының негізін қалаған. Бізге дейін жеткен
Доспамбет жыраудың есімін (ХҮІ ғ.) батырлықтың, әскери
жорықтардың жыршысы ретінде білеміз. Оның жырларында
жауынгерлердің дүниетанымы, оның ар-намысы, борышы, қадір
қасиеті, сенімі анық көрсетілген. Әсіресе оның «Өсиет» атты жыры
халық арасында кең тараған. Қазақ поэзиясының ірі түлғасының бірі
Шалкиіз
жырау.
Оның
шығармаларының
негізгі
тақырыбы
билеушілер мен халық батырларына арналған. Ол куатты жыры
арқылы халықты бірігуге, ел мен жерін қорғау үшін жорықтар мен
шайқастарға шақырады. Шалкиіз жырау Әбілхайыр хан мен Жәнібек
ханның түсында омір сүрген. Оның поэзиясында ерлік пен
мақтаныш қатар жүреді, ол дала эпосы авторларының бірі болды.
ХҮІІ ғасырдың поэзиясындағы жыраулық дәстүрді Марқасқа мен
Жиенбет жалғастырды.
112
Әндер,
шешендік
сөздер,
ертегілер
және
эпикалық
шығармалар халықтың қоғамдық жоне рухани омірінде ерекше
орын алды. «Өнер алды қызыл тіл», «шебердің қолы алтын,
жыраудың сөзі
алтын»
деген
мақал-мәтелдерді
орынды
пайдаланып, халық сөз онерін ерекше қүрметтеген. Билер
сотында қазыдан бастап айып тағылған адамға дейін мақалдап,
мәтелдеп, өлең-жырлардан үзінді келтіре сөйлеген. Елдестірмек
елшіден демекші, елшілікті бастап барғандардың өзі сөз енеріне,
өлең-жырларға жиі жүгінетін болған.
Ертегілер қазақ халқы өмірінің көптеген қырларын қамтиды.
Ертегінің жанрлары да әр түрлі, оның ішінде жануарлар туралы, қиял-
ғажайып ертегілерімен қатар, түрмыс-салт, реалистік, сатиралық
ертегілер де бар. Бүл ертегілерде халықтың табиғат тылсымдарының
қүпиясын білуге, жерүйықты табуға деген үмтылыс бар. Олар
аңшылардың, мергендердің, жеке батырлар-дың, сүлулардың,
ақылгөй данышпандардың («Қара мерген», «Асанқайғы») ғажайып
ерліктері мен шайқастарын баяндайды. «Асанқайғы», «Жүпар
қорығы» ертегілерінде қазақ халқы озінің бақытты омір сүру үшін
жерүйық туралы армандайды. Қазақ ертегіперінің арасында түрмыс-
салт ертегілері көп кездеседі. Мүндай ертегілердің кемел ойға
қүрылған үлгілері, сондай-ақ адамның әлсіз жағын көрсететін
сатиралық жанрлары бар. Оған Аяз би, Жиренше, Алдар көсе және
Қожанасырға қатысты хандар мен сараң байларды, әділетсіз билерді
әшкерлеуге арналған ертегілерді жатқызуға болады.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ батырлары туралы жырлар тарихи
оқиғаларды суреттей келе, оны одан әрі дамытып, байыта түсті.
Батырлар жырлары
ерекше күшті батырлардың ерліктерін
жырлайтын шығармашылық дәстүр. Ауыз әдебиетінде «батыр» деген
сөз ержүрек, әділ, күшті адам дегенді білдіреді. Қазақтың батырлар
жырында эпосқа төн оқиғаларды көтермелеумен бірге тарихи
оқиғалар да бейнеленеді. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында өзара
алауыздықтан соғыс болған. Ер Сайын, Алпамыс, Төрехан, Ер Қосай,
Телағыс және баска батырлар жырында қыпшақтар мен ноғайлардың
бірігіп, жоңғар шапқыншылығына қдрсы соғысы өзек болады.
Халықтың эпостық шығармаларында қогамдық мүдделер жеке
мүдделерден жоғары түрған. Қазақ халқының осындай жырының бірі
Қобыланды батыр туралы болса, оның бес мың жолдан түратын
бірнеше нүсқасы бар. «Ер Тарғындағы» басты кейіпкер көркем
тілмен, хапықтық сипатпен бейнеленген. Ол өзінің Отанын адал
қорғайтын батыр. Бүл жырда билеуші хандар мен Ер Тарғын
113
арасындағы келіспеушілік көрсетілген. Ол халыктың қамқоршысы
батыр ретінде сипатгалса, ал хандары халықты алдайтын билеуші
ретінде бейнеленеді.
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ қоғамындағы әлеуметгік-түрмыстық
мәселелер әдеби шығармаларда кеңінен көрініс тапты. Бүл орайда
жастардың махаббаты, бақыты үшін күресуі
аңызға қүрылған
түрмыстық поэмаларға негізгі арқау болды. Онда халықтың
түрмысы, әдет ғүрыптары, дәстүрлері жырланды. Қазақтың
әлеумеггік-түрмыстық поэмаларына жататындар: «Қозы Көрпеш
Баян Сүлу», «Қыз Жібек», «Күлше Қыз» және т.б. ХҮІ-ХҮІІ
ғасырларда қазақтардың қоғамдық-экономикалық өмірінің даму
деңгейіне байланысты қазақ тілінің сөздік қоры көбейіп, оның
грамматикалық қүрылымы жетілді. Қазақтар жазуға араб әрпін
пайдаланды. Қазақ әдебиеті Орта Азия халықтарының әдебиетімен
қатар түркі тайпаларының ортағасырлық әдебиетінің заңды мүрагері
болып табылды. Ол халқымыздың көптеген ғасырлар бойы жинаған
ең озық дәстүрлеріне, яғни рухани байлығына сүйенді.
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ прозасындағы қүнды ескерткіш-
тердің бірі ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ тарихына арналған
«Джами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») болып табылады.
Кітап авторы
Жалайыр руынан шыққан Қадырғали би. Онда
қазақ хандарының, сүлтандарының, билерінің шығу тегі
келтірілген. Шығарма қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге толы.
Бүл шығарма араб өрпімен жазылған.
Қазақ халқының тарихына тікелей қатысты парсы тілінде жазылған
белгілі тарихи шығарманың бірі «Тарих и-Рашиди». Оның авторы -
Мүхамед Хайдар Дулат (1499-1551). Бүл шығармада бірінші рет
қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің
бөлініп көшіп кетуінің
себептері айтылады, қазақтардың шейбанилермен, қырғыздармен,
моғол хандарымен арадағы өзара қарым-қатынастары туралы
әңгімеленеді. Ол түркі тілінде «Жаһан-наманы» жазған.
Қдзактардың 20-дан астам музыкалық аспаптары болған, оның
ішінде шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, аса таяқ,
дауылпаз, қобыз, домбыра және т.б. бар. Қазақтар шертпе, үрмелі,
қағу аспаптарында ойнаған және өр алуан музыкалық шығармалар-
ды дүниеге келтірген. Сөйтіп, ХҮІ-ХҮИ ғасырларда қазақтың рухани
мөдениетінің негізгі элементгері қалыптасып, өркен жайды. Бүқара
хапық ауыз әдебиетінің ғажайып туындыларын, өзіндік қолтаңбасы
бар сөулет өнерінің ескерткіштерін, музыкалық жөне қолданбалы
онер туындыларын дүниеге өкелді.
|