•
(в) Берілген дереккөздер және өз біліміңізді қолданып, Қайта құру бағытының
демократияландыру үрдісіне қаншалықты әсері болғанын түсіндіріңіз.
•
(с) Қайта құру кезеңінен басталған қоғамды демократияландыру қазіргі күнге дейін
жалғасуда. Осы пікірмен келісесіз бе? Берілген дереккөздер және өз біліміңізді
қолданыңыз.
А дереккөзі
Ұлттың әлемдік қауымдастықта сақталуын қамтамасыз ететін факторлар көп.
Оған ең алдымен сол ұлттың өзіне тиесілі және басқа халықтар мойындаған жері мен
тәуелсіз мемлекетінің болуы, жоғарыда аталған факторлардан бірде-бір кем емес,
халықтың дербес тілінің болуы жатады. Жеке тілі мен мәдениеті жоқ ел түптің-түбінде
ыдырап, тарихтың тұңғиығына батып кететіндігін әлемдік тәжірибе ұдайы дәлелдеп
келеді.
Елбасының Қазақстандағы тілдік үдерістерге көзқарасы 1989 жылы Кеңес
Одағының күйреуі жағдайында қабылданған «ҚазақССР Тіл туралы» Заңында көрініс
тапты. Бұл Заң Қазақстан тарихында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындап
берді. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Аталған Заңда
тәуелсіздік алар жылдардағы этнодемократиялық ахуал ескерілді. Бұл кезде ел
халқының 38 пайызы орыстар және 12 пайызы орыстілді өзге этнос өкілдері болатын.
Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана еді. Қазақтар саны 6 млн. 497 мың болса,
орыстар 6 млн. 93 мың болатын.
Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы
қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-
этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде
қабылданған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқталатын болсақ, бұл Заң Ресеймен
стратегиялық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосқандығы даусыз. Қазақстан билігі ел
халқының тең жартысынан астамы болып табылатын орыстілді азаматтардың тілдік
және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті.
Президент және мемлекеттік тіл. 29 Қараша 2013
http://baq.kz/news/tungish-prezident-kuni/prezident-zhane-memlekettik-til-40148
Достарыңызбен бөлісу: