маңызды.
«Мөде шаньюдың «Жер – мемлекеттің негізі» деп
айтқанына келісемін,
себебі ....
«Мөде шаньюдың «Жер – мемлекеттің негізі» деп
айтқанына келіспеймін,
өйткені ....
Үй жұмысы
Оқушыларға Мөде шаньюдің бойындағы ерекше
қасиеттеріне кем дегенде 5 сын есімдер арқылы
тізім жасауды тапсырыңыз
Қосымша 1
Ғұн тайпалары бірлестігінің құрылуы
Ғұндар
тарихта
жақсы
белгілі.
Жоғалып
кеткен халықтың
аты
жауынгерлікпен, қатыгездікпен және тағылықпен ұштасып жатады. Б.з.б. ІІІ
ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп, әскер жасақтап, өздерінің мемлекетін құрды.
Алайда, ғұндардың алғашқы билеушісі Тұман шаньюйдің тұсында қытайлармен
жүргізілген қақтығыстан мемлекет біршама әлсіреді. Ғұн мемлекетінің айтарлықтай
нығайып,
күшеюі Мөде шаньюйдің
есімімен
байланысты.
Ол
ғұндардың
империясын б.з.б. 209-174 жылдар аралығында басқарды. Мөде шаньюй ғұн мемлекетін
нығайту мақсатында Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете
соққы береді. Қытайлар ғұндардан қорғану үшін б.з.б. ІІІ ғасырда бар болғаны 2
жыл ішінде ұзындығы 5 мың шақырым, биіктігі 6-10 метр, ені 5-6 метр әскери қорған
салғызуға мәжбүр болған. Ол тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» деп аталады. Б.з. ІІ ғасырда
ғұндар оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Б.з.б. 188 жылы Қытайдағы Хань
әулетінің императоры Гао-цзу ғұндардан жеңілгеннен кейін Мөденің алдында бас
иіп, «тыныштық пен бейбітшілік» туралы келісім-шартқа қол қоюға, жыл сайын салық
төлеп отыруға мәжбүр болады. Ғұндар үйсіндердің бір бөлігін, саян-алтай тайпаларын
талқандап, Қытайға қарсы табысты соғыстар жүргізген. Соның нәтижесінде ғұндар
Байкалдан Тибетке дейінгі, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі зор аумаққа
иелік етті.
Достарыңызбен бөлісу: