көрсетедi. Ал үстем тап өкiлдерiнiң зираттарынан қымбат
бағалы қытай маталары
кездеседi.
Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды: «төзiмдi келедi. Күнi-түнi ат
үстiнен түспейдi, сауда саттығын да ат үстiнде жүрiп жасайды, ат үстiнде iшiп жейдi, ат
үстiнде қалғып ұйықтайды, тiптi түс те көредi» деп сипаттайды.
Ғұндардың қалалары
болған. Ғұн әмiршiсiнiң сарайы туралы Прииск былай деп жазады: «Бiз бiрнеше
өзендерден өтiп, Аттиланың сарайы тұрған үлкен ауылға келдiк.
Бiзге басқа жерлердегi
сарайларға қарағанда оның тамаша сарай екенiн айтты. Сарай шеберлiкпен өңделген
бөренелер
мен тақтайшалардан салынып, әсем безендiрiлген. Биiк мұнаралар патша
сарайының сәнiн келтiрiп тұр. Барлық үйлер түгелдей бөренелерден қиып салынған.
Приискті аппақ тастан қаланған монша ерекше таңғалдырған.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 1-том. - Алматы: Атамұра,
2010.
Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. - Алматы, Аруна, 2010.
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энциклопедиясы топтамасы. -
Алматы, Аруна, 2011.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. - Алматы, 2006.
e.history.kz.
https://e-history.kz/media/scorm/190/114/text/text.htm
Достарыңызбен бөлісу: