Кері байланыс
(3 минут)
Оқушылардың білімдерін жинақтап қорытынды
жасау үшін, «аяқталмаған сөйлем» әдісін қолдану
тиімді болады. Берілген екі сөйлемнің бірін
таңдап, құрдастарымен өз ойын бөліседі. Осы
тұста әр оқушы өз ойын дәйек пен дәлел арқылы
түсіндіруі қажет.
«Ғұндардың Батысқа қоныстануы
дүниежүзі тарихына маңызды өзгеріс әкелді,
себебі ...
«Ғұндардың Батысқа қоныстануы
дүниежүзі тарихына маңызды өзгеріс әкелмеді,
өйткені ...
Үй жұмысы
Оқушыларға «Тарихи ақпарат» деген тақырып
бойынша ғұн тайпалары бойынша қосымша
қызықты ақпараттар жинақтауды тапсыруға
болады.
Қосымша 1
Ғұндардың қоныс аударуы
Этникалық құрамы жағынан әртекті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан
Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс
аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы
қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті
болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, ал солтүстік
бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Солтүстік ғұндардың ордасы Моңғолияның
солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден
олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен
оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс
басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды.
Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл
жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Моңғолия
және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен
Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з-дағы 93
жылы басталды. Ғұндар б.з.-дың ІV ғасырында Еуропаға дейін жетіп, Шығыс Рим
империясына
шабуыл
жасайды.
Б.з.
V
ғасырдың
басында
ғұндардың
билеушісі Ругиланың
тұсында
қазіргі
Венгрия
жерінде
– «Батыс
ғұн
империясы» құрылады. Ғұндардың осы аймақ тұрғындары құрамына енуіне байланысты
Шығыс Еуропада түркі тайпалары түпкілікті орналаса бастады.
Ғұндардың Еуропа тарихында терең із қалдыруы даңқты қолбасшы Еділ (Аттила)
патшаның есімімен тығыз байланысты. Б.з.-дағы 433 жылы ғұн патшасы Ругила қайтыс
болғаннан кейін мемлекет билігі оның немересі Еділдің қолына көшеді. Аттила 100 мың
әскермен Батыс Рим империясына қарсы шайқасқа шығады. Бұл шайқас б.з. 451 жылы
Галлиядағы Орлеан қаласының түбінде ғұндар мен римдіктердің арасында бір тәуліктен
астам уақытқа созылған атақты Каталаун шайқасы еді. Шайқас нәтижесінде ғұндар мен
римдіктер арасында жеңімпаз анықталмай шығады. Келесі, 452 жылыАтилла әскерлері
Солтүстік Италия территориясына басып кіріп, Римнің маңайына келеді. Алайда, Аттила
әділдік танытып, өз әскерлерінің дүние жүзі мәдениетінің астанасы – Рим қаласын басып
алып, тонауларына жол берген жоқ. Аттиланың тұсында Батыс ғұн империясы бүкіл
Еуропаны Рим үстемдігінен азат етіп, құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті. Б.з.-
дағы 453 жылы Аттила жұмбақ жағдайда қайтыс болғаннан кейін, Батыс ғұн империясы
ыдырап кетеді.
Дереккөз:
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 1-том. - Алматы: Атамұра,
2010.
Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. - Алматы, Аруна, 2010.
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энциклопедиясы топтамасы. -
Алматы, Аруна, 2011.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. - Алматы, 2006.
e.history.kz.
https://e-history.kz/media/scorm/190/114/text/text.htm
Достарыңызбен бөлісу: |