Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу (3 мин)
БЫМ(бастапқы ынталандыру материалы). Оқушыларға «ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
бойынша миграция туралы сурет көрсетіңіз. Осы
тұста оқушылардың өз ойын сауатты әрі нақты
айтып, сабақтың тақырыбына болжау жасату үшін
мынадай критерийлер ұсынған абзал. Бұл олардың
суретпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.
Суретті талдау критерийлері:
Суретте бейнеленген іс-әрекетті анықта;
Суреттегі таңбалар мен белгілерді талқыла;
Суреттегі бейнелер мен объектілердің және
олардың артқы фонына салынған детальдарға
назар аудар;
Бейнелер мен нысандардың қайсысы үлкен
және кішкентай екендігіне назар аудар және неге
солай бейнеленгенін талқыла;
Суреттің аудиторияға жеткізуді жоспарлаған
идеясын тұжырымда
Оқушылардың болжау жауаптарынан кейін,
сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау
критерийлері
және
зерттеу
сұрағымен
таныстырыңыз.
Зерттеу сұрағы:
Түрік
тілдес
халықтардың
миграциясы
Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?
Жұптық жұмыс (15 минут) Оқушыларға «Халықтардың қоныс аударуы» деген
мәтін
бойынша
өзгерістерді
анықтауды
тапсырыңыз. Бұл тапсырманы орындау барысында
оқушылар өз білімдерінде тиімді пайдалану қажет.
Дескрипторлары:
Кем дегенде 2 мәдени өзгерісті анықтайды;
Кем дегенде 2 этникалық өзгерісті анықтайды;
Халықтардың қоныс аударуының 2 себебі мен
салдарын сипаттайды.