2 тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы талдау. Оқушылар
«Фишбоун»
әдісі
арқылы
алдыңғы
тапсырмалардағы білімдерін жүйеге келтіріп, Ақпан
революциясының себептері мен нәтижелерін талдайды.
Тапсырманы
орындау
алдында
сұрақтар
мен
дескрипторлар оқушыларға таратылады. Тапсырма
орындау барысында үлгерімі төмен оқушыларға немесе
сыни тұрғысынан орындауға қиналатын жұптарға
мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі.
Уақыт аяқталғаннан кейін жұптар бір-біріне тапсырманы
көрсетіп, түсіндіру арқылы жазғандарына өзгеріс енгізіп,
толықтыра алады.
Ж/Ж «Фишбоун» әдісі арқылы талдау.
Дескрипторы:
•
Ақпан революциясының мәселесін атайды;
•
Ақпан революциясының себептерін анықтайды (3 себеп) •
Ақпан революциясының барысын сипаттайды (2- 3 іс-әрекет, дәлелдер) •
Ақпан революциясының нәтижесін көрсетеді (3 нәтиже) Болжам жауаптары:
Ақпан революциясының мәселесі: саяси-
экономикалық дағдарыс.
Ақпан революциясының себептері: 1 дүниежүзілік
соғысқа қарсылық, шаруалар мен жұмысшылардың
әлеуметтік жағдайының төмен болуы, реформалардың
толық орындалмауы т.б.
Ақпан революциясының барысы: іс-әрекет: елде қос үкіметтің – Уақытша үкімет және
Кеңестер – қатар орнауы. дәлел: қарулы көтеріліс; саяси, діни істер бойынша
амнистия жариялануы; Сөз және баспасөз бостандығын
жария етті; 1916 жылғы көтеріліске шыққандарға
амнистия жарияланды; т.б.
Ақпан революциясының нәтижесі: патша үкіметі
құлады; сословиелік, ұлттарды бұратана деп бөлу
жойылды; елде демократиялық бағытты ұстанған
республика орнады.
Бұл жауаптарды мұғалім слайд арқылы интерактивті
тақтадан көрсетіп, оқушыларға өз-өзін бағалауға
мүмкіндік бере алады. Сыныпқа тақтадағы көрсетілген
болжам жауаптар оқушы жауабымен дәлме-дәл болуы
шарт емес, бастысы мағынасының сәйкестігіне назар
аудару керек екенін ескертеді.