Қазақстандағы билік жүйесінің ерекшеліктері, әр түрлі
саяси ұйымдардың пайда болуы мен олардың мақсат
мүдделері қаншалықты халықтың әртүрлі
топтарының
сұраныстарына сәйкес келетінін анықтап, болашақта
Қазақстан тарихында
қандай өзгерістер орын алуы
мүмкін екенін болжайды, оқиғалар сабақтастығын
түсінуге мүмкіндік береді.
3-тапсырма. «Қазақстанда қос өкіметтің орнауы».
Венн диаграммасы арқылы талдау.
Ж/Ж. Жұптарға
алдымен мәтін таратылып, олар мәтін
мазмұнын оқып шығуы тиіс. Содан кейін Венн
диаграммасы арқылы Қазақстанда уақытша үкімет пен
жұмысшы және солдат
депутаттарының кеңесінің
орнауының ерекшеліктерін анықтап, басты мақсаттарын
салыстырады, ортақ белгілерін анықтайды.
Дескрипторы:
•
Уақытша өкімет органдарын, Кеңес өкімет
органдарын атайды,
қалай орнағанын көрсетеді
(нақты фактілерді келтіру арқылы);
•
Олардың
басты
мақсаттарын
анықтайды
(халықтың мүддесіне сәйкестігіне мысал келтіру
арқылы көрсетеді);
•
Ортақ белгілерін анықтайды (2-3).
4-тапсырма. Кесте толтыру: Қазақстанда құрылған
саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар.
Алдыңғы
мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, кесте
толтырады.
Ағымдар
Атауы,
басшылары,
жылы
Мақсаты,
мүдделері
Достарыңызбен бөлісу: