Білу мен түсіну, қолдану. Б Сабақтың тақырыбына қатысты ойды шоғырландыру
және зерттеу тақырыбына ену мақсатында 2 минуттық
бейнефильм көрсетіледі. Мұғалім оқушылармен бірге
бейнефильмдегі ақпаратты және алдыңғы сабақтарда
Қазақстан тарихынан, Дүниежүзі тарихынан алған
білімдерін еске түсіріп:
1. «Негізгі оқиғалар тізбегін» жасайды (Мысалы, 1914-
1918 жж. бірінші дүниежүзілік соғыс, 23-27 ақпандағы
Петроградтағы наразылықтар, 27 ақпандағы төңкеріс,
патшаның тақтан бас тартуы, Қосөкіметтің орнауы т.б.); 2. Бұл тақырыптың негізгі ұғымдарын анықтап, жазады
және мағынасын ашады.
- революция/төңкеріс
- партия,
- демократия,
- буржуазия,
- кеңестер,
- құрылтай жиналысы.
Осы жерде «ой шақыру» кезеңіндегі революция
ұрандары жазылған слайдты да пайдалануға болады.
Дескрипторы:
- Ақпан революциясының негізгі оқиғалар тізбегін жасай
алады;
- негізгі ұғымдардың мағынасын анықтай алады;
- оқиғалардың мәнін қысқаша түсіндіре алады.
Зерттеу мен талдау 1-тапсырма. Тарихи дерекпен жұмыс Ж Оқушыларға тарихи деректер – 1917 жылы 2
наурызда Уақытша өкімет жариялаған декреттен үзінді
және «Қазақ» газетінің 24 наурыздағы санында
жарияланған қазақ зиялыларының жеделхаттарынан
үзінді ұсынылады. Деректің мән-мазмұны сұрақтар
негізінде талданады.
Сұрақтар:
•Құжат авторлары кім немесе қандай ұйым?
•Қандай мақсатпен жазылған?
•Құжаттардан қарама-қайшылықтар табуға бола ма?
•Бұл құжаттардың қайсысы сол кездегі қазақтардың
мүддесіне жақын, несімен?
•Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясынан
қазақ қоғамы қандай өзгерістерді күтеді? Тапсырма орындалғаннан кейін, бірнеше оқушыға
сынып алдында жазғандарын оқыту арқылы, кері
байланыс беріледі:
- оқушылардан: бір-бірінің жауаптарын толықтыру
Бейнефильмге
сілтеме
https://www.you
tube.com/watch
?v=H233VGxM
ITw
Негізгі
ұғымдар
жазылған слайд
Қосымша 1
Документы ХХ века. http://doc20vek.
ru/taxonomy/ter
m/25
https://e- history.kz/kz/con tents/view/152