Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет65/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

 
Қосымша 1 
 
Бейнематериалмен жұмыс 
https://www.youtube.com/watch?v=EnTcgJszvAw 
Қосымша 2 
Ақиқат/Жалған 
№ 
Тұжырымдар 
А/Ж 

Қасым – Жәнібек ханның баласы. 

Қасым ханның тұсында атты әскер саны 500 мыңға 
жетті. 

Мемлекеттің 
қоғамдық 
өмірінде 
қарама-қарсы 
қайшылықтарды болдырмау үшін шығарылған заң 
«Қасым ханның қасқа жолы». 

Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығының астанасы 
«Сығанақ», «Сарайшық». 

Қасым хан Сарайшық қаласында көз жұмды. 
Қосымша 3 
 
Үлестірме кәртішкелер 
 
XVI ғасырдың басында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз 
қол астына қаратты. Батыста оның қол астына Ноғай Ордасынан кеткен рулар мен 
тайпалар келіп қосылды. Хандықтың шекарасы Оңтүстігінде Сырдарияға дейін, 
оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-батысында Жайық өзені 
аңғары мен солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш көлінен өтіп, Қарқаралы 
тауларының сілімдеріне дейін кеңейді. 
Халқының саны 1 миллион адамнан асты. Оның тұсында қазақтар Батыс Еуропаға 
дербес этникалық қауым ретінде танылды. 
Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау 
үшін бірқатар заңдар шығарды. Аталмыш заң «Қасым ханның қасқа жолы» деп 
аталды. 
Қасым хан тұсында мына елдермен сауда-саттық, дипломатиялық қатынастар тұрақты 


болды: Мұхаммед Шайбани мемлекеті, Моғолстан, Сібір хандығы, Ресей мемлекеті. 
Қасым хан сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды 
қаратып алу жолындағы күрес болды. Бұл мақсатпен Қасым хан Мәуераннахр 
билеушісі Шайбани хан және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз күрес жүргізді. 
Моғол билеушісі Саид хан Шу бойындағы отырған Қасым ханға 1514 жылы барып, 
одан шайбанилерге қарсы күреске көмек беруін сұрады. Қасым хан қазақтардың 
қыстауға көшетін мезгіліне байланысты көмектесуден бас тартты. Саид ханның 
Жетісудан көшіп кетуіне байланысты Қасым ханның осы аймақта билігін күшейтті. 
Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейін, Қасым хан Сайрамды өзіне қаратты. 
Осыдан соң, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға аттанады. Ташкент қаласының 
түбіндегі ұрыс сәтсіз болып, хан Сайрамға оралады. 
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық 
авторлардың өздері де атап өткен. Мәселен, атақты Бабыр: «... жұрттың айтуына 
қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым 
сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағында атты әскер саны 300 мыңға жуық еді». 
Тарихшы М.Х.Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, 
оның халқы санының миллионнан астам болғандығын айтады. «Жошыдан кейін бұл 
жұртта одан ұлы хан болған емес» - дейді.  
Қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалаири: «Жәнібек ханның ұлдарының 
арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысында 
билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп 
тараған, көпке мәлім болған», - деп жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет