Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет61/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

Ж) 
Картамен 
жұмыс. 
Оқушылар 
игерілген 


ақпараттар негізінде картаға жүздердің аумағын және 
өз руларын белгілейді. Әр оқушыға кескін карта 
ұсынылады.
Дескриптор:
1. Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын 
картада белгілейді. 
2. Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды. 
Өз-өзін бағалау, дұрыс жауаптың негізінде. 
Саралап оқыту: қабілеті жоғары оқушылар картамен 
жұмыста белсенділік танытып жүздердің аумағын 
дұрыс белгілеп, өзге оқушыларға өз көмегін ұсынады. 
Өз руының қай жүзге жататындығын көрсетеді. 
Кері байланыс 
2 минут 
«Жетістік баспалдағы» негізінде жүзеге асырылады. 
Сабақтың мақсатына жетуге ұйымдастырылған 
тапсырмалардың ұтымдылығын бағалау негізімен 
және оқушының «Жетістік баспалдағы» бойынша 
қандай 
денгейде 
тапсырмаларды 
орындағанын 
белгілейді.
1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, тапсырманы 
орындай алмадым. 
2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ тапсырма орындау 
барысында аздап қиналдым. 
3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, тапсырманы 
өзім орындай алдым. 
Презентацияда 
баспалдақ 
салынған сурет
Үй 
тапсырмасы 
Өз отбасының шежіре ағашын жасап келу.
 
Қосымша 1 
 
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-
мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, 
Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың 
антропологиялық 
түр 
сипатын андрондық 
тұрпат деп 
атайды. 
Бұл 
тұрпат 
еуропоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Зерттеушілердің айтуынша олардың тілдері 
үнді-ирандық. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп 
келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге 
ұқсас. 
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, тағы басқа тайпалар 
мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, 
қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде 
андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде 
еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас 
сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы 
шығыңқы бола бастайды. Олардың тілдері үнді-ирандық болды. Моңғолоидтік белгі 
Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға 
қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да 
моңғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер 
аздау. Б.з.д. V-III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас 
сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да моңғолоидтік сипат бар.


Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман 
адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және моңғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін 
көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге 
қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде моңғолоидтік нышандар 
көбірек байқалады. ХІ ғасырдан бастап Қазақстан аумағында қыпшақ тайпалары үстемдік 
құрып, олардың мекені араб деректерінде Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. Олар бір тілде 
сөйлейтін бір халық болып қалыптаса бастады.
1460-шы жылдары Керей мен Жәнібектің қазақ ру-тайпаларын біріктіріп, Қазақ 
хандығын құрды. Осы кезден бастап, олар «қазақтар» ретінде белгілі болды. Қазақ халқы 
географиялық және экономикалық-шаруашылық сипатының ерекшеліктеріне қарай үш 
жүзге бөлінді: 
Ұлы жүз рулары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды; 
Орта жүз рулары Орталық және Солтүстік Қазақстанды;
Кіші жүз рулары Батыс Қазақстанды қоныстанды.
Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, жүздер – ру-тайпалардың көшіп жүрген жерлерінде 
өз құқықтарын қорғау үшін құрылған одақтар болған.
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық 
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. 
Қойгелдиев, т. б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 232 бет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет