Ресей империясының 1861 жылы 19 ақпандағы реформасы шаруаларды жермен
толықтай қамтамасыз ете алмады. Орыс шаруаларының көпшілігі ұлтарақтай ғана жерге ие
болды. Әлеуметтік жағдайы оңалмағандықтан, халық наразылығы толқуларға ұласты.
Сондықтан Ресей үкіметі оларды ішкі губерниялардан шеткері аудандарға көшіріп, жер
мәселесін ушықтырмай шешуді қарастырды.
Қазақ ұлтын отырықшылыққа көшіру арқылы қазақ жерлерін астығы мол шикізат
көзіне айналдыру жоспары ойластырылды. Сонымен қатар 1906 жылы Министрлер
кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдiң азиялық бөлiгiне жаппай қоныс
аударту туралы шешiм қабылдады. Қоныс аудару үдерісі үшін 1917 жылға дейін
қазақтардан 45 млн. десятина жер тартып алынды.
Достарыңызбен бөлісу: