Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


Қосымша 2  2-тапсырма. Картамен жұмыс



Pdf көрінісі
бет76/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

Қосымша 2 
2-тапсырма. Картамен жұмыс. Мәтінді оқып, жаңа реформаларға сәйкес қоныстандыру 
ісі қандай аймақтарда жүргізілгенін анықтап, контурлы картаға белгілейік. 
Алғашқы кезде шаруалар стихиялы түрде көшіп келе бастаған болатын. 1868 жылы 
«Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа ереже қабылданды. Әрбір 
қоныстанушыға осы құжатқа сай 30 десятинадан жер үлестірілді және 15 жылға дейін 
әртүрлі салықтардан босатылды. 
1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркiмен 
қоныс аударуы» жөнiнде келесі бір заң қабылданды. Бұл ереже бойынша шаруалар қоныс 
аударатын басты аймақтар: Тобыл, Том губерниялары, Жетiсу, Ақмола және Семей 
облыстары болып белгіленді. 
1891 жылы жаңа ереже қабылданып, бұрын қоныстанған шаруаларға 15 десятина 
жер берілетін болды. 
1891-92 жылдары Ресейдегі қуаңшылық, астықтың шықпай қалуы Жетісу мен 
Сырдария облыстарына көшіп келушілер санын арттырды. 1860-90 жж. реформалар жерді 
патша үкіметінің меншігі деп жариялады. Жер мәселесімен айналысатын мекемелерге қазақ 
халқының құнарлы жерлерін тартып алуға рұқсат берілді. Қазақ халқының құқығымен 
ешкім санаспады. 
 
 
Қосымша 3. 
3-тапсырма. Дерекпен жұмыс. Деректерді оқып, қоныстандырудың қазақ халқының 
өміріне, табиғатқа немесе мал-мүлікке, қайсысына зардабы көп болғанын анықта. 
Пирамидаға орналастырып, таңдауыңды түсіндір. 
 
1-дерек. 
Орыс үкіметінің қызметкері А. Гейнс Жетісуді аралап өтіп, былай дейді: «Жақын маңдағы 
ағаш атаулыны түп-тамырымен қазып алып, тып-типыл еткені сондай, адам бұрын орман 
өсіп тұрған жерге келген кезде бір шыбықты да көрмейді…». 
2-дерек. 
Түркістанның генерал-губернаторы К. Кауфман: «Бастапқы кезде біздің казактар 
қарақшылардан кем болмай, қазақтарды тонаумен айналысты. Сол казактардың бір тобы 
Ұлы жүз қазақтарының ауылдарына таңға жақын басып кіріп, бүкіл жылқыларын айдап 
және 3 мың қазақты өлтіріп кеткен. Осының арқасында олар қомақты пайда тауып 
отырған».
3-дерек. 
С. Асфендияров: «Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ мемлекеттілігіне аса 
үлкен апат әкелді. Бұл саясаттың кері салдары байлар билігінің нығаюымен үндесіп, қазақ 
еңбекші бұқарасына және кедейлеріне өзінің бар салмағын салды». 
Дерек көзі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет