ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘН МҰҒАЛІМІ-Азимбаева Маржан НҰСҚА ТАЛДАУ! Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы, Монғол империясы құрамындағы Қазақстан.Алтын Орда бойынша біржауапты тест тапсырмалары
1. Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Қазақстанның көптеген аумағына иелік еткен хандық: А) Қарлұқ В) Қыпшақ С) Түркеш Д) Оғыз 2.Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияға соғыс жариялап, жорыққа шығуына сылтау болған оқиға: А) Жошы ханның өлімі В) Хорезм билігінің әлсіреуі С) «Отырар опаты» Д) «Сауран опаты»
3.Орта ғасырда қазақ тайпаларының біртұтас халық болып қалыптасу барысын кешеуілдеткен оқиға: А) Қалмақ шапқыншылығы В) Моңғол шапқыншылығы С) Араб шапқыншылығы Д) Жоңғар шапқыншылығы 4.Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған моңғол әскерінің басшысы? А) Мұқылай В) Құбылай С) Төле Д) Жошы
5.Моңғол империясының басты заңы: А) «Шыңғыснама» В) «Яса» (Жасақ) С) «Алтын шежіре» Д) «Жылнамалар жинағы» 6.Жошы ұлысына қараған жер: А) Жетісу мен Шығыс Түркістан В) Моңғолияның батысы С) Шығыс Дешті Қыпшақ Д) Ертістің жоғарғы ағысы
7.Моңғолдың құрылтай жиналысында Тимучинді хан сайлаған жыл: А) 1203 ж. В) 1206 ж. С) 1215 ж. Д) 1209 ж. 8.Моңғолдарға қарсылық көрсеткен Отырар билеушісі: А) Қайырхан В) Мұхаммед С) Текеш Д) Қамар ад-диан
9.Берке ханның тұсындағы Алтын Орданың жағдайы? А) Цин империясын құлатты В) Тәуелсіз елге айналды С) Моңғол империясына тәуелділігі күшейді Д) Алтын Орда ыдырай бастады 10.1236-1242 ж.ж. Батыйдың жорығынан кейін,шығыста Ертістен,батыста Дунай аймағына дейін билік еткен әулет: А) Шағатай В) Жошы С) Үгедей Д) Төле