«Қазақстан тарихы» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған «Қазақстан тарихы»


П.6: Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті - 1 с



бет5/12
Дата28.01.2023
өлшемі61,37 Kb.
#63415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Силлабус 22

П.6: Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті - 1 с.

Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.


Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.
Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
П.7: Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы - 1 с.
Қойбағар Қобяковтың дипломатиялық миссиясы. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлу Мухаммад Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі. И.К. Кириловжобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының губернаторы И.И.Неплюевтің саясаты. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі. 1740 жылдардың аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі. Хан билігін заңдастыру. Нұралы сұлтанды хандық лауазымға бекіту (1749 ж.13 сәуір).
1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар. Қазақтар мен башқұрт көтерілісшілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет