«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ


-дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы



бет11/29
Дата13.04.2023
өлшемі62,13 Kb.
#81950
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
Оқу Ð±Ð°Ò“Ð´Ð°Ñ€Ð»Ð°Ð¼Ð°Ñ Ñ‹

10-дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы – 2 академ.сағ.
Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет