Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



Дата29.09.2023
өлшемі0,84 Mb.
#111615
Байланысты:
1 такырып Саясаттану

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Қарағанды 2023
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті
Дәріс жоспары
1. Саясаттанудың пәні, мақсат-міндеттері және зерттеу әдістері
2. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, қызметтері.
3. Адам өмірінің маңызды саласы ретінде саясатқа деген талаптар.

Саясаттану
саясат туралы ғылым
«полито»
«логос»
гректің

Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына төмендегі мәселелер кіреді:

  • саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.
  • Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси өмірі. Оның дұрыс-бұрыстығы адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. М: мемлекет агрессиялық сасат жүргізсе салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтырады. Керісінше, мемлекет бейбіт саясат жүргізсе еліне қолайлы, халқына жайлы болары белгілі.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан түсініп-білгісі келді.

  • Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, халыққа ең қолайлысы қайсы деген сауалдарға жауап іздеген. Ол кездегі пайымдаулар діни-мифологиялық сарында болды.
  • Біздің з.б. 1 мыңж философиялық-этикалық түсіну түрі келді. Мұнда зор еңбек еткен ойшылдар Конфуции,Аристотель, Платон.
  • Орта ғасырда діни-этикалық түрі қалыптасты. Негізін салушы Ф.Аквинский
  • Саясатты кәзіргідей түсінуге негізін салған Италия 16г Н.Макиавелли.

Саясаттану пәні
Саяси ғылым қоғамда өтіп жатқан саяси үрдістерді, саяси жүйенің типологиясын, сонымен қатар саяси өмірдегі адамның орнын, саяси сана мен саяси мәдениеттің ерекшеліктерін зерттейді. Саяси өмір дамуының негізгі үрдістері мен басты инститционалдық компоненттері саясаттанудың пәнін құрайды.
Саясатбелгілі бір нәтижеге жетуді мақсат тұтатын саяси құбылыстардың көрінісі (мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жастар саясаты, экономикалық саясат және т.б.).
Саясат адамдардың өздерінің бас пайдасын ойлау мақсатында және соған жету үшін белгілі бір іс-әрекет бағдарламасын жасау жолындағы іс-әрекеттері.
Саясаттану пәні мына басты бөлімдерден тұрады:
Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі);
Саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік, әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу);
Партиялар мен қоғамдық ұйымдар;
Қоғамдық пікір;
Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)
2.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға төмендегі әдістер жатады:

3. Адам өмірінің маңызды саласы ретінде саясатқа деген талаптар

  • Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш түрін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың мазмұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" саясат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзеге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Назарларыңызға

рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет