4. Қазақ шежірелеріне қатысты тұжырымдардың «ақиқат » немесе «жалған» екенін анықтаңыз.
Тұжырым
А
Ж
Құрбанғали Халидтың «Тауарих Хамсасы». Шағатай тілінде жазылған, қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, «қазақ" этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың деректер кездеседі
+
«Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», қысқаша «Шежіре» Шәкерімнің тұңғыш жарық көрген еңбегі.
Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың «Шежірелер жинағы» атты тарихи еңбегі 157 бетке, қытай қағазына ұқыптылықпен жазылған
+
[4]
5. Мәтінді және өз біліміңді қолданып, билер институтының қоғамдағы алатын рөлін талдаңыз.
Қазақ хандығы кезіндегі билер институты:
Қазақтың атақты билері: Төле, қаз дауысты Қазбек, Әйтекеден қалған сөз билігі дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында, Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді». Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді салыстырып алға тартқан. Мал дауы мен жер дауына, ар дауы мен намыс дауына кесімді билік айтып, «тілмен түйіп, тіспен шеше алмас» тұжырым жасаған. Кез келген қазақ ол кезде мылжыңдықты, далбасалықты, жағымпазды мін көріп, қорлық санаған. «Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды» деп шындықтың туын көтерген «от ауызды, орақ тілді» шешендерін қастерлеп өткен.
https://egemen.kz/article/41353-qazaq-khandyghy-kezindegi-biler-instituty-talimi-men-%C2%A0taghylymy
Билер ұғымына анықтама беріңіз?
Үш жүздің билерін атаңыз?
Қазақ даласында сотты кім жүргізді?
Билер қандай қызметтер атқарды?
Ахмет Байтұрсыновтың «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді» деген пікірімен қаншалықты келісесіз?