«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау (1993 жыл 28 қаңтар, 1995 жыл 30 тамыз)



бет27/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
тарих 2 денгей

97. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау (1993 жыл 28 қаңтар, 1995 жыл 30 тамыз)
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.


98.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. (ХХ ғ. 90ж-ХХІғ.басы)
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. 991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономиканың мемл. секторы ішінара ғана сақталып отыр (15%-тей). Шаруашылықты жүргізудің мемл. нысаны негізінен қоғамның қажеттерін айқындайтын әлеуметтік-экономика міндеттерді шешуге: мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, қоғамның мүдделерін қорғауға; экономиканың жекеше секторы қамтымаған не жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндіріс салаларындағы зәру тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге; мемлекет монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Яки мемлекет меншік негізінен темір жолдар мен автомобиль жолдарында, құбыр желісінде, электр энергиясын бөлуде, іргелі ғылымда, базалық білім беру мен денсаулық сақтауда, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде сақталып отыр. Бюджеттік ұйымдар, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекет кәсіпорындар, қазыналық мемлекет кәсіпорындар, акционарлық қоғамдардағы акциялардың мемл. пакеттері, бірлескен кәсіпорындардағы үлестер (үлеспұлдар) экономиканың мемлекет секторы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет