66.1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім
1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
67.Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір (1917ж.). Кеңес өкіметінің орнауы. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жарияланды, Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.