«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата15.04.2023
өлшемі72,72 Kb.
#82943

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары:



  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

  2. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

  3. Темір дәуіріндегі Қазақстан. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Атқа міну мәдениеті.

  4. Сақтардың саяси құрылымдары. Сармат-Алан тайпалық одағы.

  5. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.

  6. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.

  7. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.

  8. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.

  9. Түргеш қағанаты. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.

  10. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.

  11. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.

  12. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.

  13. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

  14. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

  15. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.

  16. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.

  17. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.

  18. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы.

  19. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

  20. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары.

  21. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XV ғ. басы).

  22. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы.

  23. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.

  24. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы.

  25. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.

  26. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.

  27. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  28. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.

  29. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы (Хақназар және Тәуекел хандар).

  30. XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

  31. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты.

  32. Қазақ халқының рухани мәдениеті (ХV-XVIII ғ.ғ.).

  33. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Бұланты, Аңырақай шайқастары.

  34. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 30-40 жж.).

  35. Абылай ханның саясаты. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары.

  36. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық көтерілісі, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.ж.).

  37. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары.

  38. Орта және Кіші жүздерде хан билігінің жойылуы.

  39. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.

  40. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.

  41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.

  42. ХҮІІІ ғ. соңындағы - ХІХ ғ. Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері

  43. 1867-1868 жж. Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережелердің жүзеге асырылуы.

  44. 1868 – 1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.

  45. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы.

  46. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның ғылыми мұрасы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.

  47. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі.

  48. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері.

  49. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту.

  50. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі.

  51. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

  52. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.

  53. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.

  54. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.

  55. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы.

  56. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. «Соғыс коммунизмі» саясаты.

  57. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қазақстандағы жер-су реформасы.

  58. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).

  59. Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.

  60. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.

  61. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.

  62. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.

  63. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.

  64. Кеңестік білім беру жүйесін құру.

  65. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.

  66. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры.

  67. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары.

  68. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

  69. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.

  70. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

  71. Н.С.Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.

  72. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі. Теміртау оқиғалары.

  73. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі.

  74. Экологиялық дағдарыс.

  75. «Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Одақтық басқару жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.

  76. Д.А.Қонаевтың қызметі.

  77. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан көтерілісі.

  78. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.

  79. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және ТМД құрылуы.

  80. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы.

  81. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Қазақстандық парламентаризм. Конституция.

  82. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

  83. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы.

  84. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.

  85. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

  86. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.

  87. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры».

  88. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.

  89. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары

  90. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет