Қазақстан тарихы пәні бойынша тест жинақтары 1-нұсқа Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі а темір в ағаш с қола д мыс е тас дәуір



бет19/25
Дата18.02.2023
өлшемі102,83 Kb.
#69047
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
21-нұсқа
1.Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды:
А) Жоңғар шапқыншылығы В) Қазақ – Қытай байланысы С) Арабтардың шабуылы D) Ойраттардың шапқыншылығы Е) Моңғол шапқыншылығы
2. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдесі неше жылға кешеуілдеді:
А) 150-200 жылға В) 150-300 жылға С) 200-300 жылға D) 150-250 жылға Е) 250-350 жылға
3.Этносаяси қауымдастық дегеніміз:
А) шаруашылық В) тарих ғылымы С) белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары
D) қазақ халқы Е) Моңғол мемлекеті
4.Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған:
А) Ақ Орда тайпалары В) Моңғолдар С) Ұлы Жібек жолы D) Әбілқайыр хандығы
Е) Қарақалпақтар
5.Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орынына уақытша аталған тайпалар:
А) қыпшақтар В) маңғыттар С) дулаттар D) керейлер Е) наймандар
6.Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы :
А) Алтын Орда В) Ноғай Ордасы С) Жетісу жері D) Әбілқайыр хандығы Е) Шығыс Түркістан
7.XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын кім жазған:
А) Марвази В) Қашғари С) Масуди D) Рашид ад – Дин Е) Рузбихан
8.Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы
А) В.В.Бартольд В) Рубрук С) Рузбихан D) Б.Е.Көмеков Е) Сына-Цянь
9.ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:
А) Еркін адамдар В) Жауынгерлер С) Көшпелілер D) Бақташылар Е) Егіншілер
10.Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:
А) Жетісу В) Таңбалы Нұра С) Алтын Орда D) Арыстан баб кесенесі Е) Ноғай Ордасы
11.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:
А) «Жошы ханның жортуылы» В) «Қорқыт ата» С) «Алаша хан» D) «Оғызнама» Е) «Ақсақ құлан»
12. «Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы:
А) М.Дулатов В) Ш.Құдайбердиев С) А.Құнанбаев D) Ш.Уәлиханов Е) Б.Көмеков
13.Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
А) XIV ғасырдың ІІ жартысында В) XIV ғасырда С) XV ғасырда D) XV ғасырдың І жартысында
Е) XV ғасырдың ІІ жартысы
14.Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы В) сарматтар тайпалар одағы және үйсіндер тайпалар одағы С) дулаттар тайпалар одағы және қыпшақтар тайпалар одағы D) қаңлылар тайпалар одағы және дулаттар тайпалар одағы Е) үйсіндер тайпалар одағы және қаңлылар тайпалар одағы
15.Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз В) өзбек-қазақтар С) қырғыздар D) қыпшақтар Е) еркін кезбелер
16.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:
А) зор, күшті, көшпелі В) еркін, азат, алып С) мықты, берік, алып D) көшпелі, алып, еркін
Е) күшті, еркін, мықты
17. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
А) XVII ғасыр В) XVI ғасыр С) XVIII ғасыр D) XIV ғасыр Е) XV ғасыр
18.Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:
А) Алаша хан В) Қорқыт ата С) Алпамыс жыры D) Оғызнама Е) Алаш жыры
19.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі:
А) Топтасып өмір сүру үшін В) Басқару тиімділігінен С) Өз жерін қорғау үшін D) Өз ішіндегі келіспеушіліктерден Е) Ымырластықтың болмауынан
20. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым:
А) А.Құнанбаев В) Ш.Құдайбердиев С) М.Дулатов D) Ш.Уәлиханов Е) М.Жұмабаев
21.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары:
А) Малдың қамы үшін В) Билікке, таласқа тойтарыс беру үшін С) Хандықты тарату үшін
D) Басқа елде би болу үшін Е) Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
22.XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер:
А) Түркістан аймағы В) Тараз аймағы С) Отырар аймағы D) Ақмешіт аймағы Е) Сайрам аймағы
23.Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:
А) Өзбек В) Қазақ С) Өзбек-қазақ D) Татар Е) Түрік
24.Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр:
А) ХІІ ғасыр В) ХІ ғасыр С) Х ғасыр D) ІХ ғасыр Е) ХІІІ ғасыр
25.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы:
А) Өзбек-қазақ В) Араб сөздігі С) Өзбек-қыпшақ D) Араб-қыпшақ Е) Араб-өзбек
26. ««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы:
А) М.Қозыбаев В) Рузбихан С) Ә.Марғұлан D) К.Ақышев Е) Б.Е.Көмеков
27.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:
А) Еркін, кезбе В) Мықты, берік С) Алып, күшті D) Еркін, берік Е) Мықты, күшті
28.IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:
А) Аттан В) Алаш С) Аруақ D) Абылай Е) Тәңір
29.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:
А) Қыпшақ В) Өзбек С) Алаш D) Үйсін Е) Түрік
30.ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер:
А) Жетісуда В) Түркістанда С) Египетте D) Шығыс Дешті Қыпшақта Е) Алтын Ордада




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет