Қазақстан тарихы пәні бойынша тест жинақтары 1-нұсқа Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі а темір в ағаш с қола д мыс е тас дәуір



бет20/25
Дата18.02.2023
өлшемі102,83 Kb.
#69047
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
22-нұсқа
1.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:
А) В.Рубрук В) Ш.Уәлиханов С) М.Дулатов D) Б.Е.Көмеков Е) Рузбихан
2.“Алаш” сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды
А) VII-VIIIғ. В) VIII-IХ ғ. С) 1Х-Х ғ. D) Х-Х1 ғ. Е) Х1-ХП ғ.
3.Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым
А) А.Құнанбаев В) Ы.Алтынсарин С) Ш.Уәлиханов D) С.Торайғыров Е) Левшин
4.Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:
А) Алаша хан В) Қорқыт ата С) Алпамыс жыры D) Оғызнама Е) Алаш жыры
5.XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы:
А) Фольклор В) Музыка С) Философия D) Этнология Е) Этнография
6.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:
А) Ер Тарғын В) Қобыланды батыр С) Ер Қосай D) Орақ-Мамай Е) Ер Төстік
7.Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым:
А) Көкке табыну В) Пұтқа жалбарыну С) Тасаттық D) Аруақтарға сиыну Е) Жаратушыға жалбарану
8.Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы:
А) Жаратушы В) Пір С) Аруақ D) Көк тәңірі Е) Тәңірге сиыну
9.Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған нанымның атауы:
А) Тасаттық В) Аруақтарға сиыну С) Моншақ ілу D) Көзтимес Е) Бойтұмар
10.Қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы:
А) Тасаттық В) Аруақтарға сиыну С) Жаратушыға жалбарану D) Пұтқа жалбарыну Е) Көкке табыну
11.XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан:
А) Тәуке хан В) Тоғылық-Темір С) Хақназар хан D) Әбілқайыр хан Е) Қасым хан
12.XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты:
А) «Оғызнама» В) «Хұсрау мен Шырын» С) «Кодекс куманикус» D) «Жүсіп – Зылиха»
Е) «Мухаббатнама»
13.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:
А) «Қамбар батыр» В) «Ескендір» С) «Мухаббатнама» D) «Хұсрау мен Шырын»
Е) «Жүсіп – Зылиха»
14.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:
А) «Қамбар батыр» В) «Ескендір» С) «Керқұла атты Кендебай» D) «Ер Төстік»
Е) «Ер Тарғын»
15.Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің поэмасы:
А) «Жүсіп – Зылиха» В) «Орақ – Мамай» С) «Хұсрау мен Шырын»
D) «Мухаббатнама» Е) «Оғызнама»
16.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:
А) «Қамбар батыр» В) «Сағыныш» С) «Ескендір» D) «Ер Тарғын» Е) «Ер Қосай»
17.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты:
А) «Хұсрау мен Шырын» В) «Жүсіп – Зылиха» С) «Мухаббатнама» D) «Ел айрылған» Е) «Оғызнама»
18.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:
А) Ер Тарғын В) Орақ – Мамай С) Ер Қосай D) Шора батыр Е) Құламерген
19.XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар:
А) Тәуке хан, Хақназар хан В) Есім хан, Қасым хан С) Әбілқайыр хан D) Тәуекел хан
Е) Өзбек хан, Тоғылық-Темір
20.Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы:
А) Ш.Уәлиханов В) А.Құнанбаев С) Ш.Құдайбердиев D) М.Дулатов Е) Ж.Аймауытов
21.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:
А) Бұхар Жырау В) Асан қайғы С) Үмбетей Жырау D) Біржан сал Е) Доспамбет Жырау
22.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:
А) Қобыланды батыр В) Ер Тарғын С) Жоямерген D) Ақсақ құлан Е) Жошы ханның жортуы
23.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:
А) Қобыланды батыр В) Құламерген С) Қамбар батыр D) Орақ – Мамай Е) Шора батыр
24.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:
А) «Ер Тарғын» В) «Орақ – Мамай» С) «Ер Қосай» D) «Құламерген» Е) «Ескендір»
25.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздың аты:
А) «Жошы ханның жортуы» В) «Ер Тарғын» С) «Қобыланды батыр» D) «Ер Қосай» Е) «Орақ – Мамай»
26.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:
А) «Темірқазық пен Жетіқарақшы»В) «Жерден шыққан Желім батыр» С) «Күннің баяны»
D) «Ескендір» Е) «Ақсақ құлан»
27.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:
А) Үмбетей жырау В) Ақтамберді С) Кетбұға D) Жиембет Е) Доспамбет жырау
28.XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі:
А) Сауда В) Қолөнер С) Жер өңдеу кәсібі D) Мал басынан алынды Е) Егіншілік
29.ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар:
А) Кезбелер В) Еуропа саяхатшылары С) Көшпенділер D) Жыраулар Е) Ақындар
30.Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған:
А) Хорезми В) Ш.Уәлиханов С) В.Рубрук D) Дурбек Е) Кутб




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет