ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАНТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Қазақстандағы ұлттық автономиялар
Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу
|
Оқу мақсаты
|
8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру
8.4.1.1 Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1.Ұлттық автономиялар туралы кестені толтырыңыз.
Алаш Орда үкіметі
|
Түркістан (Қоқан) автономиясы
|
Мақсаттары қандай болды?
|
|
|
Автономиялар өз мақсаттарына жете алды ма? Неліктен?
|
|
|
2. Деректерді салыстыра отыра, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелерін салалар бойынша талдаңыз.
1-дерек
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды.
https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9008/
2-дерек
Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды.
https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9008/
Саяси
|
Экономикалық
|
1
2
|
1
2
|
Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болды?
Неліктен?
Екі дәлел келтіріңіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |