ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
Қазақстандағы ұжымдастыру
Оқу мақсаты
8.4.2.1 Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
8.1.1.1 Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді
Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны
A) 100 мың.
B) 150 мың.
C) 200 мың.
D) 220 мың.
2. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер
A) Т.Жүргенов.
B) О.Қожанов.
C) С.Садуақасов.
D) Т.Рысқұлов
3. Ф.И.Голощекин ұсынған идея
A) «ЖЭС».
B) «Әскери коммунизм».
C) «Кіші Қазан».
D) «Индустрияландыру».
4. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) Ғ.Мүсірепов.
C) С.Сәдуақасов.
D) А.Байтұрсынов.
E) Т.Рысқұлов.
5. 1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары
A) 2,2млн-ы.
B) 2,5млн-ы.
C) 2,1млн-ы.
D) 1,2млн-ы.
6. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы не бары
A) 40,5 млн мал қалған еді.
B) 5 млн мал қалған еді.
C) 40,5 млн мал қалған еді.
D) 4,5 млн мал қалған еді.