26-сұрақ. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды.
Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд-Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен.
27-сұрақ. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Объективтік және субъективтік себептері. Қазақ хандығының құрылуы барысындағы ең басты оқиғаға – Керей мен Жəнібек хандардың өздерінің қоластындағы ру тайпалармен бірге «көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп кетуі жатады. Бұл бөлінудің маңыздылығын мынадай тарихи салыстырулар арқылы көрсетуге болады. Қазaқ хандығының тарихында оның құрылуы қандай маңызға ие болса, хандықтың құрылуы тарихында біз сөз етіп отырған бөліну, яғни Керей мен Жəнібек хандардың бастауымен Əбілхайыр ханнан тайпалap тобының бөлінуі дəл сондай маңыз атқарады. Дəл сол сияқты Қазақ хандығының құрылуы одан кейінгі тарихи даму барысына қалай əсер етсе, Керей мен Жəнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Əбілхайыр ханнан бөлінуі де хандықтың құрылуы барысына дəл сондай əсер етеді.
Тарихтың осы кезеңінде Керей мен Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен – Бұғаның жауы ортақ еді. Ол – Әбілқайыр хан болатын. «Жауымның жауы – менің досым», қағидасын ұстанған Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ тайпаларының оңтүстік және орталық Қазақстаннан батыс Жетісуға, Шу, Талас алқабына көшіп баруының негізгі себептері:
1.Керей мен Жәнібек сұлтандарғa қарасты Қазaқ тайпаларының сол кездегі Моғолстан хандығында өмір сүретін тайпалармен этникалық және генологиялық жақындығы.
2. Кеpей және Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен – Бұғаның жауының ортақ болуы,
3.Бұрынғы Ақ Орда хандығының билігі мен Моғолстанның солтүстік бөлігі иелерінің ертеден бергі достық қарым қатынасының жақсы болуы,
4. Феодалдық бытыраңқы Моғолстанның Жетісудағы өкімет билігін өз қолына ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.
Осы кезде өз хандығын нығайтуға тырысқан Әбілқайыр хан, өзіне бағынбай Моғол хандығының жеріне ауысып кеткен Керей мен Жәнібекке қарсы жорыққа шығып, Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жоpық нәтижесі аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқынан мүлде айырылады.
Ал, енді Керей мен Жәнібек сұлтандарға қарасты ру – тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөліне көшуінің негізгі тарихи себептеріне келсек, ол бірнешеу.
Кез келген маңызы жоғары, салдары күшті ірі тарихи оқиғалардың өз ішінде бір-бірімен тығыз байланысты, бірінен-бірі туындайтын оқиғалар тізбегінен тұратынын ескерсек, онда Қазақ хандығының құрылуы барысындағы оқиғалар тізбегінің алдыңғы қатарында осы бөліну тұрады. Сондықтан да ешбір зерттеуші хандықтың құрылуы тарихын қарастыруда бұл оқиғаға арнайы тоқтамай өтпейді.