Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Қазақ жүздері. Олардың орналасуы, этникалық құрамы



бет24/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
40-сұрақ. Қазақ жүздері. Олардың орналасуы, этникалық құрамы.
Қазақ жүздері – 15-16 ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен "Жүз" атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір жоқ. Кей зерттеуші бұл атауды әлдебір бүтін нәрсенің, құбылыстың "бөлшегі", "саласы", "бір жағы" деп қарастырса, енді бірі "жүз", "жүздік" сандармен байланыстырады. Қалай болса да қазақ жүздерінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшегі деп қарастырылады.
Этнограф Нұрлан Сәрсенбаевтың жазуынша, ел арасындағы шежіре бойынша Қазы деген адамнан Ақбай, Жанбай, Бекбай туып, еншіге таласыпты. Сонда Қазы жүз жылқыны Күншығысқа, жүз жылқыны Арқаға айдаттырып, Ақбай мен Бекбайдың алдына салып беріпті. Қалған жүзі менің және Жанбайдың үлесі деп алып қалыпты.
Қазыдан – Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) таралып, қазақтың үш жүзге бөлінуі содан таралған деген ауызша айтылған аңыз бар. Мұны тек қазақты үш жүзге бөлу туралы айтылған халық әдебиетіне тән туынды деп қана түсінуге болады.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегінде былай дейді: 16 ғасырдың ақыры – 17 ғасырдың бас кезіндегі қазақ ордасының туын көтерген ұлыс-тайпалар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қатаған, құрама, қырғыз, қарақалпақ, бұлардың ішінде қырғыздан басқасының бәрі өздерін қазақ атаса керек. Қатаған қырғыны (1627 жылы) Есім ханның жеңісі емес, бүкіл қазақ ордасының үлкен жеңілісі болды. Іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың екі бөлшегі түнекке батты. Содан былай қазақ мемлекетін құраған қауым алты алаш деп аталды. Келесі бір сілкіністе қырғыз және қарақалпақ пен құрама іргесін бөледі. Қазақ халқы деген атауды ұстап үш алаш – үш жүз ғана қалды.
41-сұрақ. Қазақ халқының XY-XYII FF. шаруашылық-экономикалық даму сипаты.
Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы — Қазақ халқында тек бірыңғай көшпелі мал шарушылығына ғана болған емес. Халықтың мал шаруашылығымен басым айналысқанда ешбір дау жоқ. Оған қарап оларды мал соңында ұдайы көшіп жүрді, деп айтуға болмайды. Қазақ халқының көшіп-қонуына белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қон аумағы болады. Кейбір орыс және Еуропа ғалым дарының қазақтар отты жерді қуалап жаз, қыс демей көшіп жүрді деген пікірлері ешбір шындыққа жанаспайды. Олар қазақ халқының маусымды көшіп-қонуын түсінбегендіктен айтқан. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону жайылымды жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет