Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай



бет39/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

72-сұрақ. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.
1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды жариялады. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі заңнама тұрғысынан рәсімделді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басы-қасында болған осы маңызды тарихи оқиғаны өзінің 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында былайша еске алып және бағалайды: «1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
73-сұрақ. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгi туралы Заңының қабылдануы және оның тарихи мәнi.
1991 жылдың 16 желтоқса­нын­да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­ти­туциялық заңы қабылдан­ды. Осы уақыттан бастап республика егеменді, демократиялық мемлекет мәр­тебесіне ие болып, өз терри­то­рия­­сында өкімет билігін толық иеленіп, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізе бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассам­блея­сының ХV сессия­сында сөйле­ген сөзінде: «Біз эволю­циялық даму мен сала-матты прагма­тизмнің пайдасына, қарапайым адам­дар­дың берекеттілі-гі мен өркендеуі үшін тоталитарлық өткеннен, сілкіністер мен жұмыл­дырушылық жолы­нан біржолата бас тарттық» деп атап өтті. Қазақстандықтар мемлекеттік стра­тегияны басшылыққа ала оты­рып, әлеуметтік-экономикалық ре­фор­­маларды жүзеге асыруда, саяси жүйені жетілдіріп, демократиялық институттарды дамыту үстінде. Ел экономикасының бәсекеге қабі­леттілігін нығайту – Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген біздің еліміздің магистральдық ба­ғыттарының бірі болып табыла­ды. Бұл «2010-2014 жылдарға ар­налған жедел индустриялық-инно­вациялық дамудың мемлекеттік бағдарлама­сын­да» көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет