тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын;
заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды;
қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлаудағдыларының деңгейі
Сипаттама
Тапсырмалартүрлері
Білу және түсіну
Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің
маңызды жетістіктерін біледі.
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану
Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтауда деректі қолданады. Тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде қолданады.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары
Қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға береді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтайды және тұлғалардың рөліне баға береді. «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдайды. Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне, Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл- әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын, қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды. Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдайды. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдайды және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді. Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалайды. Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді. Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдайды. Қаныш Сәтпаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға береді. XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің
Қазақстанға тигізген зардаптарын талдайды.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттардыбөлу