«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 9-сынып



бет9/11
Дата22.12.2022
өлшемі228,52 Kb.
#59050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци (1)

Тапсырма саны*

Тапсырм а№*

Тапсырма түрі *

Орындау
уақыты, мин*

Балл

Бөлім
бойынш а балл

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

8.3.2.1 Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік
соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары



1


1


ҚЖ


5


5


5


Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953
жылдар)

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери- өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген
зардаптарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

8

6

6

Қазақстан Хрущевтық
«жылымық» кезеңінде (1954-
1964 жылдар)

9.3.1.1 Қоғамдық-саяси
өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ҚЖ

7

6

6

Қазақстан
«Тоқырау» кезеңінде (1965-
1985 жылдар)

9.3.1.4 Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау

Жоғары деңгей дағдылары

2


4-5


ТЖ


10


6


6


Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-
1985 жылдар

9.2.3.2 Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1


6


ТЖ


10


7


7


Барлығы:

6

-

-

40

30

30

Ескерту: * - өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екендігін анықтап, «жалған» жауапты түсіндіріңіз.





Ақпараттар

А

Ж

Түсіндіріңіз

1

Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы Мәскеуді
ерлікпен қорғауға қатысты.










2

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы уақытында
Кеңес Одағы батыры атағын алды.










3

Әлия Молдағұлова майданда мерген болды










4

Соғыс уақытында Қазақстанның қорғасын өнеркәсібі оқ-
дәрі жасауда ерекше үлес қосты










5

Соғыс жылдарында Ж.Қуанышбаев күріш өнімін алуда
рекорд жасаған










[5]



  1. Мәтінді қолданып, әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдаңыз.

Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. 1949- 1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?

Салалары

Зардаптары

Саяси




Экономикалық




Әлеуметтік




Экологиялық




Демографиялық




Қорытынды




[6]



  1. Кестені толтырыңыз

Сталиндік кезеңінің ерекшеліктері

«Жылымық» кезеңінің ерекшеліктері

1

1

2

2

Қорытынды 1.
2.

[6]



  1. Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтары туралы сұрақтарға жауап беріңіз. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» қазақ жастар ұйымының маңызын түсіндіріңіз.


1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалардың себептерін анықтаңыз.



1

2

[3]

  1. Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабы бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. a .Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабының мазмұны қандай?


b. Бұл еңбек кеңес үкіметінің идеологиясына неге сай болмады ?



c. «Аз и Я» атты кiтабының маңыздылығы неде?



[3]




  1. Кестеде 1946-1985 жылдардағы білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз.



Білім

Ғылым

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары













Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз. 1
2

Қорытынды

[7]

Балл қою кестесі






Жауап

Балл

Қосымша
ақпарат

1

  1. Ақиқат .

  2. Жалған. Себебі Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде Кеңес Одағы батыры атағын алған жоқ

  3. Ақиқат .

  4. Ақиқат.

  5. Жалған. Ыбырай Жақаев күрішші, ал Жазылбек Қуанышбаев қой өсіруші болған.

5

Жалған жауаптарды мазмұнға сай түсіндіргені үшін балл беріледі

2


Саяси салада
«Қырғи-қабақ» соғыс әсерінен әскери кешендер салынып, ұлттық мүдде ескерілмеді.
Экономикалық салада
Ауыр өнеркәсіп әскери және шикізаттық бағытта дамыды.
Әлеуметтік салада
Жергiлiктi жастардан мамандар даярлау iсiне аз назар аударылып, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі сезілді. Экологиялық салада
Зиянды радиоактивтi заттар топырақты, суды, бүлдiрiп, адам денсаулығына залал келтiрдi.
Демографиялық салада Адам шығыны көп болды. Қорытынды
Қазақстан аумағына түсетiн техногендiк салмақтың
үнемi өсіп отыруымен күрделене түстi.

6


Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

3

Сталиндік кезеңнің ерекшеліктері
Жеке басқа табынушылық Қуғын-сүргiннiң жалғасуы
«Жылымық» кезеңінің ерекшеліктері
Жеке басқа табынушылықты ашық сынау Тоталитарлық режимнiң құрбандарын ақтау үрдiсi басталды Қорытынды

  1. Екі кезеңде де коммунистiк қоғам құру мақсаттарын жариялау, әміршіл-әкімшіл жүйе үстемдік етті.

  2. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етiп, ауыр зардаптарға әкелді.

6

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

4

«Жас тұлпар» қоғамдық ұйымы КОКП-нiң ұлттық саясатының негiзгi ережелерiн қайта қарауды талап етіп, саяси ағартушылық қызметпен айналысты.

  1. Қазақстан аумағында немiс автономиясын құру туралы шешiм болды.

  2. Ұлттық мүддемен санаспай, территориялық

тұтастықты бұзуға әрекет жасалды.

3

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады

5

a) Автор кiтабында ежелгi орыс әдебиетінiң белгiлi ескерткiшi «Слово о полку Игоревенiң» («Игорь полкi туралы жыр») славян және түркi этникалық әлемінің шекарасында пайда болып, онда екi көршілес
мәдениеттің шындығы үйлесiмдi бейнеленгенi туралы қорытындыға келдi

3

Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады




  1. Партияның ұлтшыл идеологтары үшiн О. Сүлейменов жасаған қорытынды дөрекі, ақылға сыйымсыз болып көрінді.

  2. «Аз и Я» кiтабы түркі этникалық тайпаларының қалыптасуын ерте дәуірден басталуын көрсетеді. Қазақстандағы ғылыми тарихи ойдың дамуына ықпал

етті.







6


Күшті жақтары
Білім - 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды
Ғылым -1985 жылы республикада 40377
ғылыми қызметкер жұмыс iстедi. Олардың 864-i ғылым докторы, ал 650-i ғылым академиясының академиктерi, корреспондент-мүшелерi, профессорлар болды.
Әлсіз жақтары
Білім – қазақ мектептерінің жабыла бастауы, оқу орындарында, мектептерде сабақ өткізетін бөлмелер, оқулықтар, тiптi, мұғалiмдер де жетiспедi.
Ғылым- ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауы, ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі екі есе төмендеді
Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз.

  1. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.

  2. Экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да кері әсерін тигізбей қоймады.

Қорытынды.
Бұл кезеңдегi жетiстiктер екi ұдай әсер қалдырды. Бiр жағынан, бiлiм беру, ғылым мен өнер салаларындағы оңды өзгерістер, Ғылым академиясы ашылды, даярланған кәсіби мамандар пайда болды, жаңа театрлар салынды, екiншi жағынан, партиялық өктемдік еркiн
шығармашылыққа бөгет жасап, жағымсыз құбылыстар туғызды.

7


Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет