Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |