3-тапсырмаПТМС формуласы: 1. Позиция “Алаш қайраткерлерінің қазақ елін азат ел ету бағытындағы мақсатты ойлары жүзеге асты деуге болады / болмайды?
2. Түсіндіру (себебі)
3. Мысал (мұны мынандай мысал арқылы дәлелдей аламын)
4. Салдар (қорытынды жасаймын)
Әдебиет: 1.Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Монография. Екінші кітап. –Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
23.
2.Сайлан Б.С.Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 жж.). – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2011. – 433 б.
Практикалық сабақ 10.Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.
Сабақтың мақсаты:Қазақтарды 1932-1933 жылдардағы «Ұлы Нәубетке» алып келу себептері мен Голощекиннің «Кіші Қазан» бағытының зардаптарының себептерін талдап түсіндіру, оқушылардың ойларын нақты жеткізіп талдауға дағдыландыру
Күтілетін нәтижелер:«Кіші Қазан» бағытының Қазақстанға тигізген әсері мен маңызын біледі. «Кіші Қазан» бағытының Қазақстандағы саяси ахуалды өзгертіп, қазақ зиялыларының арасындағы қайшылықтарды айырып түсіндіре алады.Кеңес үкіметінің әміршіл-әкімшіл саясатының қазақ даласына әкелген зардаптары туралы мәселелерін түпкілікті шешіп, қазақ зиялыларының көзқарасына қалай әсер еткенін талдап береді.