Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Қазан төңкерісі



бет13/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
75. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.
Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) — 1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи
оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп революцияшыл қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына
айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады
1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен
Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды.
76. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ХХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссиямүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:Сібір автономиясы;Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;Қазақ-қырғыз автономиясы;Милиция туралы;Ұлт кеңесі;Ұлт қазынасы;Мүфтилік мәселесі; Халық соты;Ауылды басқару жәнеазық-түлік мәселесі. Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланды. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақтыгерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.1917 жылдың 5-13 желтоқсанаралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне«бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. XX съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.
77. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын.Бұған жауап ретінде құрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын.Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушылық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
1941 жылдың 27 желтоқсанында Мұстафа Шоқай жұмбақ өліммен дүниеден озғаннан кейін жары алдымен 1942 жылдың 8 ақпанында Париж мешітінің «Дебасси» залында қырқын өткізіп, оған оның елу шақты жақын достарын жинады. Онда Мемлекеттік думаның мүшесі болған, Грузия Ұлттық үкіметінің сыртқы істер министрі А.Чхенкели, Әзірбайжан Ұлттық үкіметінің басшысы М.Расулзаде сияқты марқұмның достары мен әріптестері Мұстафа Шоқайдың күреске толы өмірі мен қызметі туралы жылы лебіз білдіреді. Әсіресе, Украина Ұлттық үкіметінің сыртқы істер министрі болған Александр Шульгиннің сөзін жиналған көпшілік беріле тыңдайды. Ол «Тірілердің ішіндегі ең тірі жанның өмірден өтті дегеніне еш сенгің келмейді» деп бастап, Мұстафа Шоқай Орта Азияның, барлық Түркістанның нағыз көсемі болатын, егер тірі болса, Джавахарлал Неру, Ататүрік сияқты қайраткер болар еді деген сөздермен аяқтайды.
78. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы – Орынбор қаласы деп жарияланды.ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды. 1925 жылдың сәуірінде республиканың орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССРболып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
79. Қазақстандағы Жер-су реформасы.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. Өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. Десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып – үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет